Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Орталық Азиядағы мемлекет пен дін қатынастары талқыға салынды

АҚТАУ, 19 шілде. Ақтау қаласында «Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі жай-күйі мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті.

Маңғыстау облысы әкімдігі Дін істер басқармасы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты –  Орталық Азиядағы діни ахуалдың өткені мен бүгіні жайлы мәселелерді қарастыру.

Діни жағдайдың жаңа көріністері мен беталысы жайында ұсынымдар әзірлеп, дінаралық және ұлтаралық келісімнің сақталуы, мемлекет пен діни ұйымдардың бірлескен қарым-қатынастарын жан-жақты талқылау, бейбітшілікті нығайту және келісім мәдениетін халықаралық аренада нығаюы мен дамуына үшін тәжірибе алмасу мақсатында өткен халықаралық форумға Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов, Түркия Республикасы Анкара қаласы Хетт университетінің теология факультетінің доценті, профессор М. Евкуран, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық бірлік пен діни саясатты нығайту жөніндегі сарапшылық кеңестің мүшесі, дін социологиясы ғылымдарының докторы, Исламтану ғылыми-зерттеу институтының директоры М. Мырзабаев, Философия ғылымдарының докторы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті К. Тышханұлы, Халықаралық эксперт, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә. Мүмінов, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» орталығының директоры Т. Нүсіпханов, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Әзірбайжан мемлекеттерінің өкілдері, облыстардың дін істері басқармаларының басшылары, дінтанушы, сарапшы ғалымдар, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Форум бағдарламасы бойынша пленарлық мәжілісте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің сақталуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рөлі» туралы; халықаралық эксперт, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Құрбанұлы Мүмінов мемлекет және дін қатынастарындағы ғұламалардың орны мен маңызы туралы; Түркия мемлекеті Анкара қаласы Хитит университетінің теология фокультетінің доценті, профессоры Мехмет Евкуран Орталық Азиядағы қадымшылдық пен жәдидшілдік: тарихи сабақтастық тақырыбында, Қырғызстандағы “Таблиғи Жамаат” қозғалысының қызметі туралы Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық бірлік пен діни саясатты нығайту жөніндегі сарапшылық кеңестің мүшесі, дін социологиясы ғылымдарының докторы, Исламтану ғылыми-зерттеу институтының директоры Мырзабаев Маметбек Токтомушұлы; Деобандилік мектеп тарихы және қазіргі Орталық Азия елдеріндегі діни-саяси көріністері туралы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Кеңшілік Тышханұлы; «Йақын инкар» радикалды ұйымы туралы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы баяндама жасады.

Ал түстен кейін «Орталық Азия елдеріндегі діни радикализм мәселелері» бойынша  құқық қорғау және арнайы органдардың 40 қатысушысына; «Орталық Азия елдеріндегі дін және қоғам мәселелері» тақырыбында қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп директорлары, АТТ мүшелері қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп директорлары, АТТ мүшелерінің 70 қатысушысына; «Кешегі және бүгінгі Ислам діні» тақырыбында 40 имам, теологтарға арналған секциялық отырыстар өтті.

Форум соңында Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі күйі мен перспективалары бағытында қатысушыларға діни радикализмнің алдын алуды зерделеуге арналған халықаралық форумның материалдар жинағы ұсынылды.

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *