Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ Бас хатшысы: Терроризм құрбандары мен одан зардап шеккен адамдар ешқашан ұмытылмауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Терроризм құрбандары мен одан зардап шеккендер ешқашан ұмытылмауы керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Халықаралық лаңкестік құрбандарын еске алу және мойынсұну күніне арналған бейнеүндеуінде мәлімдеді, деп Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Осы халықаралық күні және күн сайын /террорлық актілердің/ құрбандары мен зардап шеккендер ешқашан ұмытылмайтынына қол жеткізейік. Болашақта жаңа құрбандардың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайық», — деп шақырды әлемдік ұйымның басшысы.

«Бұл – ойлау, сезіну және әрекет ету күні. Жақындарынан айырылған жандардың қайғысы мен мұңын ой елегінен өткізіп, оларды тыңдап, сабақ алуға бел будық», — деді ол.

 «Біз жантүршігерлік лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендерге құқықтарын қорғауға және әділдік іздеуге көмектесу арқылы қолдау көрсетуге және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді олардың сауығып кетуіне және лайықты түрде өмір сүруп кетуіне қажетті құқықтық, медициналық, психологиялық немесе қаржылық қолдау көрсетуге тартуға міндеттенеміз».

А.Гутерриштің айтуынша, бұл күні қайғылы оқиғалар туралы естеліктерге жүгіну маңызды.

 «Жәбірленушілер лаңкестік шабуылдан кейін көбінесе өздерін шеттетілгендей сезінеді. Құрбандар мен тірі қалғандарды еске алу және құрметтеу – біздің ұжымдық міндетіміз».

 Қыркүйек айында өтетін Дүниежүзілік лаңкестік құрбандары тақырыбындағы конгресте құрбандар өздерінің қажеттіліктері мен туындайтын қиындықтары туралы айта алады.

Халықаралық лаңкестік құрбандарын еске алу және мойынсұну күні 21 тамызда атап өтіледі. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2017 жылы енгізген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *