Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактағы арнайы операциялар кезінде ИМ-нің алты содыры залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Ирак күштері жексенбі күні елдің солтүстігі мен батысында жүргізген арнайы операция барысында «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобының алты содырын залалсыздандырды, деп әскери дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.  Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Барлау мәліметтері бойынша «Әл-Хашд аш-Шааби» әскерилендірілген күштері Ирактың солтүстігіндегі Найнава провинциясының орталығы Мосулдың оңтүстігіндегі Альбу-Саиф маңында операция жүргізіп, ИМ-нің төрт содырын өлтірді, делінген Қарулы Күштердің біріккен жедел қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәлімдемеге сәйкес, мемлекет демеушілік ететін «Әл-Хашд аш-Шааби» жасақтары қала маңын қоршап, аймақта жасырынып жатқан тағы бір ИМ содырын іздеген.

Елдің солтүстігіндегі Киркук провинциясында Ирак үкіметінің армиясы мен «Әл-Хашда аш-Шаабидің» бірлескен күштері провинция астанасының оңтүстігіндегі шалғай ауданда екінші арнайы операция кезінде ИМ-нің жанкештісін өлтіріп, тағы бір содырды жаралады, деп  Киркуктің оперативтік қолбасшылығындағы Синьхуа агенттігіне хабарлады.

Аты-жөнін атамауды сұраған дереккөздің айтуынша, ИМ содырлары Киркук қаласының оңтүстігіндегі ауылдың маңында шопандарға шабуыл жасап, бір адамды өлтіріп, екеуін жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен.

«Әл-Хашд аш-Шааби» мәлімдемесінде Анбар провинциясының батысындағы үшінші арнайы операция барысында үкімет күштері мен «Әл-Хашд аш-Шааби» Бағдадтан солтүстік-батысқа қарай шамамен 320 шақырым жерде орналасқан Рава қаласының маңындағы шөлді аймақта ИМ жауынгерін өлтірді делінген.

 

Мәлімдемеге сәйкес, шөл далада ИМ жасырынған жерлерден қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймалары табылған.

Соңғы айларда Ирак қауіпсіздік күштері күшейген экстремистік әрекетті ауыздықтау үшін арнайы операциялар жүргізіп жатыр. Ирактағы қауіпсіздік жағдайы 2017 жылы ДАИШ талқандалғаннан кейін жақсарды. Дегенмен, қалған содырлар қалаларда, шөлдерде және жету қиын аймақтарда жасырынып, қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға жиі шабуыл жасауда.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *