Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Эквадор президенті есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте халықаралық қолдауға шақырды

АСТАНА, 22 қыркүйек. Эквадор президенті Гильермо Лассо сәрсенбі күні халықаралық қауымдастықты қылмыс пен зорлық-зомбылықтың күрт өсуіне себеп болған есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске өз үлесін қосуға шақырды, деп Синьхуа агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында «Трансұлттық қылмыс трансұлттық шешімді қажет етеді», — деп, осы зұлымдықты жеңу үшін бірлікке шақырды.

«Бізде екі жол бар: бірнеше елде үйлестірілген түрде әрекет етіп, біздің заңдарымызды келеке ететін жаудан жеке-жеке зардап шегеміз, немесе  оны жеңу үшін бірігеміз», — деді Эквадор басшысы.

 «Бүгін біз бұрын-соңды болмағандай, мүмкіндігінше есірткіні тәркілеу және оларды тасымалдайтын трансұлттық бандаларды жою бойынша жұмысты күшейтіп жатырмыз», — деп атап өтті Лассо.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы жариялаған 2022 жылғы Дүниежүзілік есірткі туралы есебіне сәйкес, 2020 жылы Эквадор әлемде Колумбия мен Америка Құрама Штаттарынан кейін тәркіленген кокаин мөлшері бойынша үшінші орында болды.

Қолда бар есептерге сәйкес, трансұлттық қылмыс жылына 1,6-дан 2,2 триллион АҚШ долларына дейін табыс әкеледі, бұл «Эквадор сияқты елдің экономикасынан ондаған есе жоғары», — деді Г.Лассо.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *