Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көкшетау полицейлері Астана тұрғынынан 250 грамм мефедрон тәркіледі

КӨКШЕТАУ, 14 қазан. Ақмола облысының полицейлері елорда тұрғынынан мефедрон мен 250-ден астам есірткі бумасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша, 30 жастағы елорда тұрғыны аса ірі мөлшерде Астана, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына мефедрон және тұз синтетикалық есірткілерін жеткізумен және өткізумен айналысқан.

12 қазанда Ақмола полицейлері арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің көмегімен арнайы операция нәтижесінде Көкшетау қаласына кіреберіс жолда, “Құлагер” қонақ үйінің жанында Астана қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.

Жоғарыда аталған автокөлікті рұқсатсыз тінту барысында капоттың астынан: сарғылт түсті, ұнтақ консистенциялы, ерекше иісі бар, мөлдір скочпен оралған бір үлкен полиэтилен байламы (шамамен 200 грамм мефедрон), сондай-ақ қызыл және сарғылт түсті ұнтақ затты (салмағы шамамен 150 грамм) қара түсті изолентамен оралған 256 бума табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, есірткі жасырылған орындар фиксацияланған екі ұялы телефон тәркіленді.

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер есірткі сатып алу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *