Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбе тұрғыны ірі көлемде есірткі сақтағананы үшін 6 жылға сотталды

АҚТӨБЕ, 08 қараша. Ірі көлемде есірткі сақтаған Ақтөбе тұрғыны 6 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қазан айының соңында Ақтөбе қаласының қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған 48 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Күдікті құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған қарасора өсімдіктерін ірі мөлшерде өсірген және оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша дұрыс сараланған және есірткі құралдарын ірі мөлшерде өткізу мақсатында кептірілген марихуананы заңсыз сақтаған және оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі бойынша дұрыс сараланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың мамыр айының соңында Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері саяжайда орналасқан жерасты зертханасын пайдалана отырып, Ақтөбе қаласының аумағында есірткі заттарын өткізу мақсатында құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан ер адамды ұстады. Нарколаборатория техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған. Ұсталған адамның айтуынша, тұқымдар мен жабдықтарды интернет-дүкеннен сатып алған.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 400 грамнан астам болды, сонымен қатар ұсталған адам каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткілік мас күйде болған.

Сот оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *