Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Есірткінің ірі партиясын тасымалдаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

АТЫРАУ, 25 қараша. Көлік полицейлері есірткінің ірі партиясын тасымалдаған атыраулық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласынан Атырау қаласына дейін темір жол көлігімен есірткінің ірі партиясын тасымалдауды ұйымдастырған ер адам мен екі әйелді ұстады. Олардың барлығы бұған дейін де әртүрлі баптар бойынша сотты болған. Тіпті, Атырау қаласының тұрғыны саналатын 49 жастағы ер адам ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болып шықты.

Арнайы іс-шаралар барысында көлік полицейлері ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдаушы мен оны алушыны ұстады.Тәркіленгеннің жалпы салмағы 327 грамм болатын аса ірі мөлшердегі гашиш есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, материал сотқа жіберілді.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен қаскүнемдерге қатаң режимдегі колонияда 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *