Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері Қазақстанда жалған терроризм үшін 35 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған

АСТАНА, 12 желтоқсан. Интернет желісі арқылы жарылыс қаупі туралы электрондық таратылымдар қазақстандықтарды тағы да алаңдата бастады.

Әдетте, анонимді хабарламалар «сватинг» деп аталатын ұғыммен байланысты, мұнда жалған хабарлама белгілі бір адамның беделін түсіру немесе ұйымның  қызметін уақытша тоқтата тұру үшін басқа адамның атынан жедел қызметтерге қоңырау шалуға бағытталған.

Сонымен қатар, жалған қоңыраулардың салдарынан коммерциялық және мемлекеттік мекемелерге айтарлықтай зиян келтірілуде. Сол уақытта шынымен де  мұқтаж адамдарға көмек көрсете алатын жедел құтқару қызметінің күштері басқа жаққа аударылады.

Интернет желісіндегі жалған терроризмнің бетін ашу мақсатында құқық қорғау органдары алыс және жақын шетелдегі серіктестермен бірлесе отырып, қылмыскерлерді анықтау бойынша мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізеді.

Ресей, Беларусь және Өзбекстан серіктестерімен тұрақты негізде анықталған электрондық пошта мекенжайлары, анықталған пайдаланушылар және басқа ақпараттар бойынша деректер алмасу болады.

«Telegram» мессенджерінде кез келген нысанды, соның ішінде білім беру мекемелерін «сватинг»  әдісімен «миналау» бойынша ақылы қызмет көрсететін арналар мен әкімшілер тұрақты түрде анықталады.

Биылғы жылдың басынан бері Қазақстанда лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 35 адам жауапкершілікке тартылып, оның 18-і түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды және бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қылмыс жасаған тұлғалардың ішінде террористік қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталатын кәмелетке толмағандар анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау –бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».

Материал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараты негізінде дайындалған

Дереккөз: ҚР ТҚО 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *