Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • AFP: ИМ содырлары БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * террористік тобымен байланысты исламшыл содырлар дүйсенбі күні Нигерияның солтүстік-шығысындағы БҰҰ базасына шабуыл жасады. Бұл туралы Agence France-Presse-ке (AFP) сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Қауіпсіздік және гуманитарлық құрылымдардағы дереккөздердің хабарлауынша, содырлар Борно штатындағы Диква қаласында орналасқан базаға шабуыл жасап, өртеген. БҰҰ-ның 25 қызметкері бункерді паналады. AFP дереккөздерінің ақпараты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Индонезия мен Түркия полициясы екіжақты ынтымақтастықты нығайтады

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.  Индонезия мен Түркия ұлттық полицияның әлеуетін, әсіресе білім беру бағдарламалары арқылы нығайтуға келісті, деп Antara агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Индонезияның Анкарадағы елшілігінің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, келісім Индонезия мен Түркия ұлттық полициясы өкілдерінің  қатысуымен бірлескен жұмыс тобының отырысында жасалды. Тараптар сондай-ақ терроризм, адам саудасы, есірткі контрабандасы және киберқылмыс сияқты түрлі трансұлттық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сириядан Түркияға өтпек болған 5 террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.  Сириямен шекаралас Шанлыурфа және Мардин провинцияларында 9 мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды, олардың бесеуі КЖП (РКК) террористтері. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Шабуылдаушылар Түркия территориясына заңсыз жолмен Шанлыурфадағы Джейланпынар аймағында және Мардиндегі Қызылтепе аймағында кіруге тырысты. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мемдепартамент: АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Кабул мен Дохаға сапармен барады

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.Америка Құрама Штаттарының Ауғанстан арнайы өкілі Залмай Халилзад Ауғанстан және Катарға барады, деп TRT хабарлайды.  АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Кабул мен Дохаға сапармен барады. Халилзад «Талибан» қозғалысы  өкілдері мен ауған басшылармен кездеседі. АҚШ Сыртқы істер министрлігі Залмай Халилзад пен делегациясының сапарының басқа мәліметтерін жарияламады. Ауғанстандағы қантөгісті доғару мақсатымен Катардың бас қаласы Дохада […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Могадишодағы жойқын жарылыс: үш адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Сомали астанасы Могадишода жойқын жарылыс болып, үш адам қаза тапты, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздеріне сәйкес, жарылғыш зат Әбдіқасим көшесінде орнатылып, әскери колонна өтіп бара жатқанда іске қосылған. Жарылыс астананың бірнеше ауданында естілді. Сомали билігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Жарылыс үшін жауапкершілікті әлі ешкім өз мойнына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сергей Лавров ауғанстандық әріптесімен терроризмге және есірткі бизнесіне қарсы күресті талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Ресей мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ханиф Атмар Мәскеуде Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелерін талқылады, деп Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM жазады.  «Әңгімелесу барысында Ауғанстандағы бейбіт үдерістің  болашағы,  екіжақты қарым — қатынастың өзекті мәселелері, терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелеріне назар аудара отырып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде болған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Ауғанстанның оңтүстігінде бомба тиелген көлікпен әскери базаға жасалған шабуылда 4 ақуіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстан қауіпсіздік күштері лауазымдылары Кандахардың Аргандаб ауданындағы әскери базаға бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын, 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын және  6 кісінің жараланғанын білдірді. Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Стамбулда әскери нысандар туралы мәліметтер жинаған террорист қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Стамбулда сот шешімімен ДАЕШ террористік ұйымының мүшесі Мұхаммед Яхья Е. қамауға алынды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Түрік мегаполисінің полициясы Яхьяны сенбі, 20 ақпанда Бахчелиэвлер ауданында ұстады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, террорист әскери нысан маңындағы ағаштардың біріне шығып, әскерилердің қимыл-қозғалысын бақылаған. Тінту кезінде одан террористік ұйымға қатыстылығын растайтын фото және видео материалдар алынды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекетіне» қатысты күдікпен Дағыстан тұрғыны ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Дағыстан тұрғыны террористік ұйымға қатысты деген күдікпен ұсталды, деп Ресейдің Тергеу комитетінің республикалық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.    «РФ ҚК 205.5-бабының 2-бөлігінде («Террористік ұйымның қызметіне қатысу») көзделген қылмыс жасады деген күдікпен Бабаюрт ауданының 34 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Оған бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде», — […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Башқұртстан тұрғыны интернетте терроризмді насихаттағаны үшін бес жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сибай қаласының тұрғыны террористік әрекеттерді жария түрде ақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Орталық аудандық әскери сотының (Екатеринбург қаласы) үкімі бұрын сотталған 29 жастағы Динар Аллаяровқа қатысты шығарылды, деп хабарлады Башқұртстанның мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы . Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы бойынша ФҚҚБ-ның хабарлауынша  , Аллаяров әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей Федерациясының аумағында  қызметіне […]
    • 3 Years ago
    • 0