Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Терроризмді насихаттау, діни араздық туғызу» бабымен сотталғандарды түрмеге жөнелтті

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. «Терроризмді насихаттау» және «діни араздық қоздыру» баптарымен сотталған бес адамды түрмеге жөнелтті, деп сотталған адамдардың туыстарына сілтеме жасап Азаттық хабарлайды. Туыстарының айтуынша, сотталғандардың біреуі Алматы облысындағы Заречный кентіндегі түрмеге қалған. Қалғандарын Шымкент қаласындағы және Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы колонияларға жіберген. Сотталғандардың туыстары «сот үкімі қарашаның 29-ына күшіне енеді, сондықтан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Үш баламды алып, қақаған қыста қашуға шешім қабылдадым».Сириядан оралған келіншектің әңгімесі

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша. «Жусан» операциясының арқасында елге оралған қазақ әйелі Сирияға қалай тап болғанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Әйгерім діни сауатсыздықтың салдарынан деструктивті діни ағымның арбауына түскен, ол өз қателігін басқалар қайталамасын деген оймен Сирияда көрген азапты күндерін әңгімелеп беруді жөн санады. Бүгінде екі бала өсіріп отырған Әйгерім (есімі өзгертілген) Қарағандыдағы оқуын тастап, 2013 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Елордада жалға алынған тұрғын үйлердің бірінде есірткі зертханасы ұйымдастырылған

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша. Елордада «жылдамдық» және «амфетамин» атты синтетикалық есірткі дайындалған зертхана анықталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап sputniknews.kz. Есірткі өндірісін Екібастұз қаласының тұрғыны ұйымдастырған.Күдікті жалға алған тұрғын үй-жайды тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын химиялық заттар, психотроптық зат салынған колбалар, химиялық формулалар жазылған дәптерлер, өлшеу таразылары мен газқағарлар, сондай-ақ есірткі дайындау кезінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Колумбияда полиция ғимаратының маңында жүк көлігі жарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Колумбияның Каука қаласында полиция ғимаратының маңында жүк көлігі жарылды. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, он шақты адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.  «Сантандер-де-Киличао, Каука елді-мекеніндегі жаңадан ашылған полиция учаскесінің маңында жүк көлігі қойылған. Елді-мекен жарықсыз қалды», — делінген хабарламада. Басылым прокуратурадағы дерекөзіне сілтеме жасап, оқиға салдарынан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан терроризммен сотталғандарға бөлек түрме салмақшы

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Тәжікстан билігі терроризммен сотталғандар үшін арнайы түрме салмақшы. Бұл жөнінде елде пенитенциарлық жүйені дамытуға арналған конференцияда айтылды, деп centralasian.org жазады.  Тәжікстанның әділет министрінің орынбасары Мансурджон Умаровтың сөзінше, камералы типтегі түрме салуға дайындық басталып кеткен. «Мұндай арнайы түрме бүлік шығаруға мүмкіндік бермейді. Оларды жеке-жеке тәрбиелеу жеңіл, себебі олар экстремистік идеяларды насихаттаушы болып табылады. Бұл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ басшысы Интерполдың Бас хатшысымен кездесті

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Бас хатшысымен кездесті. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды. Ерлан Тұрғымбаев пен Юрген Шток Қазақстан ІІМ мен Интерполдың арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық терроризм, экстремизм және трансұлттық қылмыс тарапынан жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимылда тиімді өзара іс-қимыл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Терроризм қаупі»: Қазақстан қауіпсіз елдердің қатарына кіреді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша. Британдық экономика және бейбітшілік институтының сарапшылары жыл сайын жасалатын «Global Terrorism Index – 2019» рейтингін жасады, деп kazislam.kz жазады. Былтырғы жылмен салыстырғанда Қазақстан 10 пунктке көтеріліп, 160 мемлекеттің ішінде 85-ші орынды иеленді. Сарапшылар біздің еліміздегі лаңкестік қауіпінің өте төмен деңгейін атап өтті. Ең қауіпсіз елдердің қатарына Түрікменстан мен Беларусь кіреді. Олар және бірқатар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия ДАИШ лаңкесін ұстағаны туралы жариялады

    Нұр-Сұлтан, 22 қараша. Түркия лаңкестік «Ислам мемлекетінің» жоғары лауызымды мүшелерінің бірін ұстағаны туралы хабарлады. Ол 2018 жылы Германия мен Ресейде болған терактілердің артында тұрған. Бұл туралы Hurriyet Daily News-ке сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлады. Түркия ІІМ Сүлейман Сойлу басылымға берген сұхбатында ұсталған Юсуф Худа ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ) басшыларының бірі екенін айтты. Олар жарылғыш заттар дайындаумен және жанкештілерді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда синтетикалық есірткі тасымалдау каналы әшкереленді

    АЛМАТЫ, 22 қараша. Алматы полициясы синтетикалық есірткі тасымалдау каналын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық топты 33 жастағы Түрксіб ауданының тұрғыны басқарған. «Ұсталмас бұрын күдікті өзінің танысына 1 сіріңкенің қорабы көлеміндей «альфа-PVP» психотропты затын 40 мың теңгеге сатып жіберген. Осы мәміледен соң ол ұсталды. Арнайы операция Боралдай көшесінде болды. Одан әрі тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілді. Нәтижесінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістанда «Ислам мемлекеті» ұйымына мүше болуға шақырған ер адам ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 22 қараша. Түркістанда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына мүше болуға шақырып жүрген тұрғын ұсталды, деп ktk.kz хабарлайды.  Арнайы жасақ 39 жастағы жиһадшыны көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен тұтқындаған. Темір Стамбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол, имамдарға ілімдерінің «жаңсақ» екенін айтып салғыласып, жамағат арасында бірнеше мәрте бүлік салыпты. Өзі әйелімен кәмелетке толмаған […]
    • 4 Years ago
    • 0