Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы сарапшыларының кездесуі өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан. Ресей астанасында ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің құқық қорғау және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі сарапшыларының жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл шарада қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің полиция подполковнигі Әнуар Ерғазин және Ресейдегі Елшіліктің кеңесшісі Ілияс Карсаков қатысты.Бұл туралы ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығының ресми сайты хабарлайды.  Кездесу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақ үй: АҚШ-тың «Талибанмен» келісімге отыратын күн «өте жақын»

    НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан. АҚШ-тың «Талибан» қозғалысымен бейбет келісіме отыратын күн «өте жақын» деп мәлімдеді президент Дональд Трамп. Оның айтуынша, қозғалыс өкілдері де «келісімге отыруға асығады».Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.  Трамп бейбіт келісімге қашан қол қойылатынын айтпады, бірақ бұл жағы айдың соңына дейін белгілі болатынын ескертті. АҚШ президентінің мәлімдемесін AFP агенттігі таратты. Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысымен бейбіт келіссөзге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мемлекеттік департаменттің терроризмге қарсы үйлестірушісі 16 ақпанда Украинаға барады

    НУР-СУЛТАН, 14 ақпан. АҚШ Мемлекеттік департаментінің терроризмге қарсы үйлестірушісі Нейтан Сейлс 16 ақпанда Украинаға барады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Мәлімдемеде айтылғандай, Киевте  «терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастыққа арналған кездесулер»  жоспарланған. Мұның алдында ол Мальтаға барады, ал 14 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен бірге Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: БРИКС терроризмге қарсы тобының отырысы сәуір айында өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Ресейде БРИКС-тің терроризмге қарсы жұмыс тобының отырысы сәуір айында өтеді, деп РФ СІМ-нің жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлер жөніндегі департамент директоры Владимир Тарабрин мәлімдеді, деп РИА Новости хабарлайды. Ресейдің терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы көбінесе терроризмге қарсы екіжақты ынтымақтастықтың кең жүйесі бар ТМД елдерімен, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен  дамығанын, сондай-ақ БРИКС-пен де. «Айтпақшы, БРИКС […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ХҚО-да жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген өскемендік сотталды

    ӨСКЕМЕН, 14 ақпан. Өскемен қалалық №2 соты полиция қызметкерлеріне Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен жылдың 30 мамырында 102 каналына қоңырау шалған 39 жастағы қала тұрғыны Қазақстан көшесі 159/4 мекенжайында орналасқан ХҚКО-ға жарылғыш зат қойылғандығы туралы айтқан. Алайда бұл жалған хабарлама […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан полициясы жеті есірткі сатушыны ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясының полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысатын жеті адамды ұстады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. «Бірнеше күннің ішінде Ауғанстанның есірткіге қарсы полициясы Герат провинциясындағы бірнеше жеке операциялар кезінде есірткі саудасымен айналысатын жеті адамды тұтқындады» делінген хабарламада. Мәлімдемеге сәйкес, осы провинцияда жүргізілген рейдтер нәтижесінде есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дағыстанның тумасы терроризмді қаржыландырғаны үшін сотқа тартылады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Терроризмді қаржыландырды деп айыпталған Дағыстанның тумасына қатысты айыптау үкімі қабылданды. Қылмыстық іс Оңтүстік аудандық әскери сотқа берілді, деп  РФ Бас прокуратурасына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы 2015 — 2016 жылдары Ресейде тыйым салынған халықаралық террористік ұйымның мүшесіне мерзімді түрде ақша аударып келген. Барлығы 200 мың рубльден астам аударылды. Бұдан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иракта әскери күштер содырларға қарсы жаңа операция бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Ирактың қарулы күштері ИМ (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырларының қалдықтарын жою бойынша кезекті арнайы операцияға кірісті Бұл туралы  Kurdistan.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Операция Сирия мен Иордания шекарасында орналасқан Анбар провинциясының шөлді аймағында өтеді. Журналистердің ақпараты бойынша, биыл бұл лаңкестерге қарсы ең үлкен акция болады. Әскери іс-қимылдар бірден бес бағытта өрістетілетін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Римде есірткі саудасымен айналысқан 24 адам қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Италияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері 13 ақпан бейсенбіде Римде есірткі бизнесіне қатысы бар деген күдікпен 24 адамды қамауға алды, деп REGNUM хабарлайды. Заңсыз бизнестің айлық «айналымы» 90 мың еуроны құрады. Есірткі саудасымен қатар, тұтқындалған адамдарға басқа да айыптар тағылатын болады. Атап айтқанда, полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар қару қолданып, қорқыту арқылы «клиенттерінің» борыштарын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үндістанның Лакхнау қаласында жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Үндістанның Лакхнау қаласындағы сот ғимараты жанында болған жарылыстан кем дегенде үш адам жарақат алды. Бұл туралы The Times of India газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Басылымның мәліметінше, белгісіз адам сот ғимаратына қолдан жасалған бомба тастаған. Полиция оқиға болған жерден үш жарылмаған снаряд тапты. Басұа қосымша мәліметтер жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0