Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сириядағы шабуылда 2 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Азез ауданында көлікке тиелген бомбамен ұйымдастырылған шабуылда 2 адам жарақат алды, деп TRT жазады.  Сирияның солтүстігінде оппозициялардың бақылауындағы Азез ауданында көлікке тиелген бомбамен ұйымдастырылған шабуылда 2 адам жарақат алды. Килис провинциясының қарсы жағында орын алған Азез ауданы орталығында таңғы уақыттарда бір дүкеннің алдына тасталған бомба жарылды. Жарылыста ешбір адам қаза тапқан жоқ. Бірақ маңы зақымдалды, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде бомбалы шабуылда 7 адам жазым болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан.Жолға орналастырған мина жарылып, 7 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Сомалиде бір көлік жолға орналастырылған минаның үстінен өтіп бара жатқанда жарылды, 7 адам қаза тапты. Сомали ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда жарылыс Жуба аймағында Кисмайо мен Доблей арасындағы автожолда болды. Жарылыста араларында 6 айлық нәресте де бар 7 адам опат болды. Шабуылды қазірше […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда футбол алаңының жанында жарылыс кезінде екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан. Сенбі күні Пәкістанның оңтүстік-батысында Белуджистан провинциясындағы Панджгур ауданындағы футбол алаңының жанында бомба жарылысы болып, екі адам қаза тауып, сегізі жарақат алды. Бұл туралы провинция үкіметінің баспасөз хатшысы Лиакват Шахваниге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Жарылыс ойыншылар мен футбол матч үшін стадионға келгендердің  тарала бастаған кезде болған, деп хабарлады баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде болған жарылыста 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан.Ауғанстанда бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT жазады.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Фариаб қаласының Девлет Абад ауданында Талибан сарбаздарының бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Фариаб Қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Абдулкерим Юриш  сарбаздардың Девлет Абал ауданы орталығында көлікке тиілген бомбаны жарып жібергенін айтты. Жарылыста 3 қауіпсіздік қызметкерінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс сегіз бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Жексенбі күні Ауғанстан астанасының 5-ші полиция округінде болған жарылыстан сегіз бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Министрліктің хабарлауынша, жарылыс бүгін таңертең Кабулдың 5-ші полиция округіне қарасты Спин-Кули маңында болған, салдарынан «сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда губернатор орынбасары шабуылда қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан.Ауғанстанның астанасы Кабулда губернатор орынбасары Мухибби бомбалы шабуылда қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Ауғанстан Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Тарык Арйен баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың шағын аймағында губернатор орынбасары Махбубуллах Мухиббидің көлігіне тиелген бомбаның жарылғанын айтты. Шабуылда Мухибби мен хатшысының қаза тапқанын түсіндірген Арйен екі оққағарының да жарақат алғаны білдірілді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылысы 4 бейбіт тұрғынның өмірін қиды 

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Ауғанстанның Нангархар провинциясында жасалған бомбалы шабуылда 4 бейбіт адам қаза тапты, деп TRT  хабарлайды. Провинцияның Хогяни ауданына қараған Зави аймағында жолға орналастырылған бомба бейбіт адамдар мінген көлік аймақтан өтіп бара жатқанда жарылды. Жарылыста 4 бейбіт адам қаза тапты. Шабуылды қазірше ешкім мойынына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның Пенджаб провинциясында болған жарылыста кем дегенде 25 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясындағы Равалпинди қаласында болған жарылыста кем дегенде 25 адам жарақат алды. Бұл туралы Geo TV арнасына сілтеме жасап ТАСС жазады. Бұған дейін Xinhua  агенттігі құрбан болған он адам  туралы хабарлаған. Geo TV дереккөздерінің хабарлауынша, үш адамның жағдайы өте ауыр. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда болған жарылыстардан кем дегенде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында жұма күні болған екі жарылыста кем дегенде төрт адам қаза тауып, сегізі жараланды. Бұл туралы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің  Нигерия делегациясына сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады . Оқиға штаттың әкімшілік орталығы Майдугуриден шығысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан Диква қаласында болды, деп хабарлады Қызыл Крест өкілі Алию […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда миналанған көлік жарылып, он алты адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Бүгін Сирияның солтүстік-шығысындағы бүлікшілердің бақылауындағы Эль-Хасака провинциясындағы жарылыстан 16 адам, оның ішінде үш түрік әскериі қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алды. Бұл туралы осы елдегі жағдайды бақылап отырған ұйымға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Ұлыбританияда орналасқан Сириялық адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығының мәліметінше, жарылыс көлікке қойылған бомбадан болған. Ол Рас-эль-Айн […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 18 of 32« Бiрiншi...10«1617181920 » 30...Last »