Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғаныстан астанасындағы жарылыста екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Ауғанстанның бас қаласы Кабулда қатарынан жасалған бомбалы шабуылдарда екі бейбіт адам қаза тапты, деп жергілікті полицияға сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Кабул полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердевс Фарамарз Джуй Шир және Селим Керуен аймақтарында бомбалы шабуылдар жасалғанын білдірді. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Әзірге шабуылдардың жауапкершілігін ешкім […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс 2 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.   Ауғанстан астанасының Женгелек ауданында дүйсенбіде болған жарылыс екі адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жергілікті полиция өкілі Фердевс Фарамарз жарылғыш зат әскери көлікке салынғанын хабарлады. Қаза тапқандардың бірі — әскери қызметкер, тағы бір әскери қызметкер жарақат алды. Бүгін Кабулдың төртінші ауданында Бейбітшілік министрлігінің өкілі Хошнуд Набизаденің көлігі жарылды. Зардап шеккендер жоқ. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сирияның солтүстігіндегі Баб пен Азиз аудандарында ұйымдастырылған террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты, 24 адам жараланды, деп TRT хабарлайды.  Азиздің аудан орталығында Сирия өтпелі үкіметі ғимаратына және Азиз Мәдениет орталығының қасындағы көлікке орналастырылған бомбалар жарылды. Шабуылда 4 кісі қаза тапты, 20 кісі жараланды. Азиздегі жарылыстан кейін Баб ауданының 5 километр шығысындағы Зерзур аймағындағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Нангархар провинциясында сегіз қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Сенбі күні Нангархар провинциясындағы застава маңында болған жарылыс салдарынан кем дегенде Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Провинция губернаторы кеңсесіндегі дереккөздің хабарлауынша, Шерзад ауданындағы армия бақылау бекетінің жанында жарылғыш затқа толы автокөлік жарылған.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Урузган қаласындағы лаңкестік шабуыл, 2 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Урузган қаласында бірінен соң бірі жарылыс болып, салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, он адам жараланды, деп провинция губернаторы әкімшілігінің өкілі Ахмад Шах Сахилге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, миналанған мотоциклдер Урузган провинциясының әкімшілік орталығының адам көп жүретін көшелерінің бірінде жарылған. Жарақат алғандардың арасында үш тәртіп сақшысы бар. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда көлік жарылысы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Кабул провинциясындағы лаңкестік әрекет салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп провинция полициясының өкілі Фердевс Фарамарзға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарздың айтуынша жарылыс Адех Газни ауданында болған. Террористер бомба салынған көлікті жарып жіберді.Жарылыс салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза болды. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде лаңкестік шабуыл

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагардағы бомбалы шабуылда 6 бейбіт тұрғын жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  Кандагар провинциясының Майванд ауданына қарасты Мирахур ауданында жолдың бойына орналастырылған бомба бейбіт тұрғындар мінген автобус өтіп бара жатқанда жарылды. Бомбалы шабуылда 6 адам жарақат алды. Әзірге шабуылды ешкім мойындаған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Могадишодағы лаңкестік шабуыл, 5 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар.  Магадишода экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің бағытында жарылғыш зат іске қосылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Қауіпсіздік көздерінен алған ақпаратқа сәйкес, жарылғыш зат Сомали астанасының Шибис ауданында экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің жолына қойылды. Алдын ала ақпарат бойынша бес адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды, оның ішінде экс-депутат Афрах бар. Оқиға болған жерге қауіпсіздік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі шабуылда үш кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар.  Сомалидің бас қаласы Могадишода бомбалы шабуыл болды.  Алғашқы анықтамаларға қарағанда үш кісі қаза тапты, деп TRT  хабарлайды.  Шабуылда Гарасбалей аудан әкімінің орынбасары Али Жареренің көлігі нысанаға алынды.  Әкім орынбасары мен қасындағы екі кісі қаза тапты. Жарылыстан кейін аймаққа қауіпсіздік күштері келіп жетті. Шабуыл туралы үкімет ресми хабарлама жарияламады.  Шабуылды да ешкім мойнына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда бомба орнатылған көлік жарылып, екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Сенбі  күні Кабулда қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тауып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Полициядағы дереккөз бомба қызметтік көлікке қойылған деп мәлімдеді.
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 16 of 32« Бiрiншi...10«1415161718 » 2030...Last »