Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Тәжікстанның 44 жастағы азаматы «Талибанмен» байланыс орнатқаны үшін» 15 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Тәжікстандағы Дарваз ауданының тұрғыны тәліптермен байланыс орнатқаны үшін 15 жылға сотталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Таулы Бадахшан автономиялы облысының соты Сухробжон Вазировтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкімді 19 наурызда шығарған. Сот үкімінің көшірмесі Озоди радиосының редакциясына 13 сәуірде түсті. Құжатқа сәйкес, Дарваз ауданының 44 жастағы тұрғыны Сухробжон Вазиров екі жыл бойы «Талибан» қозғалысының Ауғанстандау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Мұсылман ағайындар» террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір.Тәжікстанның Жоғарғы соты 9 сәуірде «Мұсылман ағайындар» («Ихвон-ул-муслимин») террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарды, деп centralasian.org хабарлайды.  117 адам 5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, екеуіне айыппұл салынған. Тәжік ұлттық университетінде оқытушы болған Египет азаматы Мұхаммад Баюми 23 жылға сотталған. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол ұйымды басқарған. Университеттің тағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Тәжікстанда ИМ мүшесі болуы мүмкін күдікті милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған

    НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан. Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Шахринав ауданында террористік шабуылдың жолын кесті. Бұл твуралы Ішкі істер минстрлігі Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззодаға сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды.  «Ислам мемлекеті» тобының мүшесі болуы мүмкін күдікті Шахринав ауданының милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған. Ол ұсталды, қазір қамауда отыр», — деді министрлік басқармасының басшысы. Іске қатысты басқа мәлімет […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ: Терроризм мен есірткі контрабандасымен күресте Тәжікстанға көмек беріледі

    НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан.Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась және Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода 17 ақпанда Душанбеде кездесіп, биыл жазда Тәжікстанда ҰҚШҰ хатшылар кеңесінің жиналысын өткізуді талқылады, деп centralasian.org хабарлайды.  Кездесу барысында Тәжікстан ұйымға төрағалық етіп жатқан 2021 жылы атқарылатын істерді талқылаған. Станислав Зась қазір тәжік-ауған шекара сызықтарын бекіту бойынша ҰҚШҰ-ның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Тәжікстанды өз азаматтарын Сириядан қайтаруға шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. БҰҰ сарапшылары мемлекеттер билігіне Сириядан босқындардың оралуын қамтамасыз етуге шақырған үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. Ұйым мәлімдемесі 57 елге, оның ішінде Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға жіберілді. Атап айтқанда, сарапшылар қазіргі уақытта 64 мыңнан астам босқын бар Сириядағы Эль-Хол және Родж лагерлеріндегі жағдайды атап өтті. Мәлімдемеде қиын гуманитарлық жағдайдың Сириядағы шетелдік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда 2020 жылы 40 есірткі тобының қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан. Тәжікстан президенті жанындағы есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері 2020 жылы 40 қылмыстық топтың, оның ішінде трансұлттық топтардың қызметін тоқтатты, деп Агенттік директоры Хабибулло Вохидзодаға сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады.  «2020 жылы  есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері 87 адамнан тұратын 40 қылмыстық топты анықтап,  олардың жұмысын тоқтатты», — деді Вохидзода. Сондай-ақ, оның айтуынша, жеті адамнан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан билігі Ауғанстанмен шекараны қорғауды күшейтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Тәжікстан үкіметі Ауғанстанмен мемлекеттік шекараны нығайтуға басым назар аударады. Бұл туралы 26 қаңтарда республика президенті Эмомали Рахмон Парламентке жолдауында мәлімдеді, деп REGNUM АА жазады. Мемлекет басшысы лаңкестік топтар Тәжікстанға қауіп төндіретінін атап өтті. Экстремистер жастарды өз қатарларына тарту үшін интернетті белсенді пайдаланады.  «Олардың басты мақсаты —  еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзу», — […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда Ресейлік әскери қызметшілер шартты лаңкестерді жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресей әскери қызметшілері Тәжікстандағы 201-ші Ресей әскери базасындағы лаңкестік әрекеттерді тойтару бойынша дайындықты сәтті аяқтады. Бұл туралы Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады . Оқу-жаттығуға 600 әскери қызметкер қатысты, олар 20 жауынгерлік техниканы қолданды. Шартты лаңкестердің шабуылын 201-ші базаның мотоатқыш бөлімдері тойтарғаны белгілі . Бастапқыда олар дабыл белгісін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дүниежүзілік банк Тәжікстан елінде экстремизмнің өсуі мүмкін екенін ескертті

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Тәжікстан зорлық-зомбылық экстремизм мен гендерлік дискриминацияның түрлерінің өсуіне тап болуы мүмкін, деп Дүниежүзілік Банктің «Тәжікстан: covid-19 пандемиясының шыңында экстремизмге қарсы күрес» есебінде айтылған, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. Құжатта коронавирустық пандемия кезінде шекараның жабылуына байланысты Тәжікстаннан мыңдаған мигранттар Ресейге жұмыс істеуге кете алмағаны атап көрсетілген. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, мұндай жағдай халық арасындағы депрессияны […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан Қазақстанда терроризм үшін сотталған азаматтарын қабылдаудан бас тартты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Тәжікстан билігі Қазақстанда теракт жасамақ болды деп сотталған 7 азаматын қабылдаудан бас тартты, деп centralasian.org хабарлайды.  Былтыр Алматыда мамандандырылған ауданаралық сотта Косимжон Гиесов 18 жылға, Абдухалим Давлатов пен Неъматулло Неъматов 14 жылға, Парвиз Туйчиев, Султони Аминзода, Шарифали Сафаров пен Сафиюлло Косимов 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Олардың бәрі террористік ұйымдардың құрамында болды, теракт […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 4 of 10« Бiрiншi...«23456 » ...Last »