Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни жағдай тұрақты

Биылғы жылдың жұмыс қорытындысын,облыстағы діни жағдай туралы Аймақтық Орталық коммуникациялар қызметіне брифинг барысында дін істері жөніндегі басқарма басшысы Талғат Нығметов баяндады.

Брифингте айтылғандай, Батыс Қазақстан облысында  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 9 конфессияны көрсететін 75 діни субъект тіркелген.Сонын ішінде сүнниттік 44 мешіт (ҚМДБ филиалдары, сонын ішінде 1 облыстық, 2 қалалық,12 аудандық, 29 аулдық), 18 провославтік шіркеулер, 11 протестанттық ғибадатханалар, 1 буддалық діни бірлестік, 1 католиктік махалла. Облыста мемлекеттік тіркеуден 6 дін таратушы өтті – олардын ушуі католицизм өкілдері, біреуден провославтік, буддалық және ислам өкілдері. Дін таратушылардың арасында радикалды мәнді тарататын діни көшбасшылар жоқ екенін ерекше атап кетті. Облыста 14 ақпараттық-түсіндіру тобтары жұмыс істейді, оның мүшелері дін мәселелері бойынша оқу семинарларына қатысқандар, олардың әрқайсысына оқылатын тақырыбтары бөлініп берілген.

Ағымдағы жылы терроризм мен экстремизм саласында 39 қылмыстық іс қозғалғанын Т.Нығметов айта кетті.

– Негізгі қылмыстық құқық бұзушылық ол терроризмді насихаттау, террористтік тобқа қатысу, әлеуметтік, ұлттық, тектік, рассалық немесе дін  араздығын қоздыру, терроризм актілері туралы жалған мәліметтер жеткізу, сондай-ақ, шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу,-деп БҚО дін істері жөніндегі басқарма басшысы баяндады.

Талғат Рақымұлы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл сасласындағы міселелерге, рухани құндылықтарды және дәстүрлі дінді насихаттауғы бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысына аса тоқтала кетті. Діни саладағы өзекті ақпаратты оқырмандар мен телекөрермендерге уақытында және объективті  жеткізгені үшін  БАҚ өкілдеріне алғыс айтты. Сонымен қатар, дін саласындағы заңның кейбір аспектілері түсіндірулер, жыл қорытындылары жасалып келе жатқан 2017 жылға жоспарлар жобаланды.

– Келешекте біз облыстық Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес пен терроризмге қарсы комиссия көмегімен діни жағдайды бақылау талаптарын кушейтуіне және дін саласындағы проблемалық мәселелерді  шешу жолдарын табуына  жәрдемдесуіне, 2017 жылдың маусым айында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынын кешенің жүзеге асыруды, Рухани келісім күніне арналған іс-шараларды, шілде айында дәстүрлі «Руханият» атты шығармашылық конкурс өткізуді, қазан айында «Дін мен тарих» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияны және де басқа шараларды өткізуді жобалап отырмыз,-деді Т.Нығметов.

Брифинг барысында дін істері жөніндегі басқарма басшысы журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

– Орал және Ақтөбе Маххалалармен бірлескен жұмысыныз қалай өтіп жатыр?

– Қазақстан үшін православтық христиандық пен ханафиттік мазхаб исламы дәстүрлі діндер. Біз Орал және Ақтөбе Маххалалармен тығыз байланыста қызмет етеміз, олар бізге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді, ақпараттық-пропагандалық тобқа кіреді. Басында, өздеріміздің сарапшыларымыз болмаған кезде біз Маххала өкілдеріне жүгінетінбіз, олар бізге көмектесіп отырды, солардың арқасында көп православты әдебиет қолымызға түсті. Әрине, Пасха, Рождество, Крещение сияқты мерекелер бірге өткізіледі.

– Сауда орны діни әдебиетті таратуға рұқсат етілген тізілімге ену үшін қайда жүгіну керек?

–Біріңғай стандарттар еңгізілген, соған сәйкес толықтай реттеме бекітілген. Әр қалаған азамат реттеме талабына сай бізге өтінішпен жүгіне алады. Қазіргі күні Оралда 16 діни әдебиетті таратуға рұқсат етілген сауда орындары бар, жақында тағы да бір өтініш келіп түсті.Бізге құжаттар келіп түскенде біз оларды тексереміз, таратылатын әдебиет міндетті түрде сараптамадан өтуі қажет, сонымен бірге сауда орны да стандартар мен реттемеге сай болуы тиіс.

– Сіз орыстілді теологтардың жетіспеушілігін айттып өттіңіз. Бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар асырылып жатыр?

– Біздің теологтар казір бұл жұмысқа белмене кірісті, олар қос тілдікті меңгеріп жатыр. Сонымен қатар «Нұр-Мұбарақ» университетінде өткен жылдан бастап орыс тілде оқытатын  бөлім ашылды,біздің студенттер биыл сонда оқұға түсті. Сонымен бірге біздің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары Қазандағы ислам университетіне оқұға түсіп, «Исламтану» факультетінде орыс тілінде білім алып жатыр. Келесі жылы Оралға келіп жұмыс жасайды деп жоспарланып отыр.

– Дәстүрлі емес исламның ерушілерінің саны қаншалықты?

– Мыңнан аса, көбінесе бұл жастар. Біз әрдайым аудандар бойынша  мониторинг жасап отырамыз. Жағдайды бақылап, дәстүрлі емес ағымның әсеріне түсіп қалған адамдармен жұмыс жүргіземіз. Тиісті органдармен біріккен жұмыс атқарылады.

– Прокуратурада «Шаңырақ» атты жасөспірімдер үйінің жағдайы айтылды, құзыретті органдардың мәліметтері бойынша, тәрбиеленушілердің жартысынан көбі дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанады. Сізге бұл туралы белгілі ме және әлеуметтік тұрғысы әлсіз  жастармен және де қауіп-қатер тобының өкілдерімен қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?

– Біз бүкіл діни бірлестіктерде мониторинг өткізіп отырамыз, бұл жағдайды да біліп отырмыз. Қазір біздің теолог Нұржан Стамбакиев бұл сұрақпен тығыз  айналысып жүр, осындай жастар үшін «Шаңырақ» атты футбол клубын аштық, сонымен ққоса лекциялар өткіземіз.

– Бүгінгі күнгі мәселелердің бірі ол, діни түсініктері бойынша вакциналудан бас тартып жатыр деп айтып кеттіңіз. Осы жылы қаншама осындай жағдай тіркелді?

– 802 астам жағдай болды. Бірақ бұл жерде тек қана діни ұстанымға ғана байланымты емес деп айта кеткен жөн. Араларында ғылыми жаналықтарды, ресей ғалымдарының, дәрігерлерінің еңбектерің оқыйтын ата-аналар бар. Адамның имундық жуйесі өз бетімен қалыптасуы керек, егу сияқты қосымша ықпал болмауын айтады. Осындай адамдар вакцинадан бас тартқанда Қоран немесе уағыздарға негізделмейді, бұл дегеніміз қазіргі уақытқа сай үрдіс.

Дереккөз: «Приуралье»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *