Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Назарбаев Мысыр Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Каир қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.

Мемлекет басшысы террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Оқиға құрбандарының басым көпшілігі әйелдер мен балалар екені бәрімізді де бей-жай қалдырған жоқ. Қазақстан қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм актілерін қатаң айыптайды. Каирдегі террорлық акт өркениетті әлемде радикалды топтар мен олардың идеологиясына орын жоқ екеніне тағы да көзімізді жеткізді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ барша Мысыр халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Дереккөз: Ақорда баспа сөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *