Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғыз содарларының аналары ұлдарының қайтуын босқа күтуде

ДЖАЛАЛ-АБАД облысы,Қырғызстан. 21 желтоқсан. 600-ге жуық қырғыз экстремисттерінің Сирия мен Ирактағы соғысқа жаппай кетуі олардың отанда қалған аналарының қайғы мен қорқыныш сезімін тудырады, — деп «Каравансарай» хабарлайды.

Солардың бірі Джалал-Абад облысының Бек-Абад ауылының тұрғыны Халысқан Жапарқулова.

Жақында ұлы Сирияда өлгенің білді,бірақ бұл хабарға сенгісі келмей жүр.

 «Тамыз айында үйімнің ауласына, менің ұлым Мансұр[Жапарқұлов] қаза болғанын…оны сол жерде құрметпен жерлегені туралы айтылған  жұмарланған қағаз тастап кетті,- деп қараша айының сонында жергілікті журналисттерге ашуланып айтты. – Бірақ,мен ол жалған қағазға сенбеймін».

Оны қайта көрмей мен тынышталмаймын,оның үш қызы қалды,- деді Жапарқұлова.

«Соңғы рет онымен көктемде сөйлескенмін,ол [Бішкектен] телефон соғып Түркияға табыс табу үшін кетіп бара жатқанын айтты», — деді  Жапарқұлова.

Оның айтуынша, ұлы осымен шетелге табыс табу үшін екі рет барып оралып келетін.

«Ауылда Жапарқұловты сириялық жауынгерлер атып өлтірді деген сыбыс жүр»,деп ауыл тұрғыны Ойбек Атаджанов «Каравансарайға» айтты.

 «Ауыл тұрғындары «WhatsApp» мобильдік қосымша арқылы алған суреттерде оның оқпен шұрқ-шұрқ қылынған денесі түсірілген»,-деді ол.

Шетелге табыс табуға баратын жас қырғыздардың кейбіреуілері ақыр соңында экстремисттік тобтардың қармағына түседі, соның ішінде  ИМ,- деді Атаджанов.

Осыған қарай,Жапарқұловтың туыстары Мансұрдың өліміне сенбей,қара жамылмай жүр, деп қосты.

Дәлелденбеген

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Жапаркуловтың өлімін растай алмайды,деп МҰҚК өкілі Арстан Құтманов «Каравансарайға» берген сұхбатында хабарлады.

 «Мансұрдың өлімі бар фотосуреттер болса да…бұл жалған болуы мүмкін,- деді ол.-Бізде осындай ұқсас жағдай болды. Ақсый ауданының [Джалал-Абад облысының] тұрғындары Сирияда қаза тапқан жерлестерінің фотосуреттерің алған,бірақ оның тірі екені анықталды».

Құтмановтың айтуынша, Бек-Абад ауылы,Жапарқұловтың туған жері,елімізде радикализмнің жақтаушыларының  көп шоғырланған жері деп сипатталады.

 «Соңғы екі жыл ішінде экстремизге қарсы алдын-алу  шаралары өткізіліп жатқанына қарамастан,тыйым салынған діни ұйымдар азаматтарды Сирияға қызықтырып алдап әкелуге тырысады»,- деп атап өтті.

Бек-Абад ауылының 68 тұрғыны экстремизмге қатысты деген күдікпен милицияда есепте тұр,12 жаза мерзімін өтеп жатыр.Төрт азамат Сирия мен Иракқа соғысуға кетті,деді Құтманов.

Шындықты мойындаудан бас тартады

Ішкі істер министрлігінің өкілі Аттокур Омурзақов «Каравансарайға» берген сұхбатында Сирияға кеткен 600-ге шақты қырғызстандықтардың 70 өлтірілгенін айтты.

 «[Қырғызстанның қауіпсіздік органдары] мен басқа мемлекеттік органдарының,сонын ішінде түркиялық қызметтерімен, бірегей жұмысы Сирияда соғысып жатқан азаматтардың қозғалысын қадағалап отыруға көмектеседі».

Сирияда қаза тапқан қырғыз содырларының аналары, айқын дәлел алғаннан кейін де олардың өлімдеріне сенбей жүр,деді Омурзақов.

 «Кейбір әйелдер балаларының мүрдесін өз көзімен көрмегенше ас бермейміз дейді»,- деп қосты.

Бұндай кейбір аналардың аңқаулығы ұлдары ғаламтор арқылы экстремисттермен жалданғанын да білмегені,деді Омурзақов.

Дереккөз: «Каравансарай»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *