Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағында діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша жұмыстарды жүргізуде

Астана. 21 желтоқсан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің аумағында  «Ат-Такфир уаль-Хиджра» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша жұмыстарды басталғанын ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жедел іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүргізілуде.

Діни алауыздықты қоздыру және тыйым салынған  ұйымдардың  іс-әрекетіне қатысу бойынша күдікті болған 16 адам ұсталып,  ҰҚК аумақтық органдарына жеткізілді.

Олардың тұрған жерлері бойынша тінту және басқа да жедел-тергеу, процессуалдық іс-әрекеттері жүргізілуде.

Бұл ұйымдардың мүшелерінің «сенбеушілік үшін айыптау» немесе «такфир» деп аталатын ұстанымды насихаттайтыны белгілі, олар, өз кезегінде «Әл-Каида», «ДАИШ»  және басқа да бірқатар террористік ұйымдардың идеологиясында құрылған.

«Ат-Такфир уаль-Хиджра» жолын ұстанушылар Сирия мен Ирактағы террористердің іс-әрекеттерін қолдайды, сондай-ақ еліміздің конституциялық заңдары мен зайырлы басқару түрін мойындамайды.

Аталған ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, оның әрекетіне Қазақстан аумағында тыйым салынған. Ол АҚШ, Ресей, Қытай, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және өзге де елдердің террористік ұйымдар тізбесіне қосылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті операция барысы және одан әрі тергеу нәтижесі туралы хабарлайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *