Амман. 29 желтоқсан. Иордания соты «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» 5 мүшесін өлім жазасына кесу жөнінде үкім шығарды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.
Олар биыл наурызда елдің солтүстігіндегі Ирбид қаласында жүргізілген рейд кезінде қолға түскен.
Сот бұл азаматтарды полицейдің өліміне әкеп соқтырған лаңкестік әрекет ұйымдастырып, жарылғыш заттар жасап-сақтағаны және экстремистік үгіт-насихат жүргізгені үшін айыпты деп таныды.
Осы іске қатысты тағы 15 адам тұтқындалған болатын. Оларға 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Дереккөз: Хабар 24