Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ Сириядағы «Әл-Каида» басшыларының бірінің көзі жойылғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан. АҚШ Сирияның солтүстік-батысында «Әл-Каида» лаңкестік ұйымы жетекшілерінің бірі Абдулхамид әл-Матардың көзін жойғанын хабарлады, деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлағандай, әл-Матар Сирияның Таль-Абъядтағы Сулук ауданында MQ-9 ұшқышсыз ұшағының әуе соққысынан қаза тапты.

Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

CENTCOM «Аль-Каида» АҚШ пен олардың одақтастарына қауіп төндіретінін баса айтты.

 «Әл-Каида» Сирияны күштерін қалпына келтіре адатын, басқа қанды құрылымдармен әрекеттерді үйлестіре алатын «қауіпсіз аймақ» ретінде қолданады. Ұйым сонымен қатар Сирия аумағын Ирак пен басқа елдердің қауіпсіздігіне соққы беру үшін база ретінде пайдаланады», — деп атап өтті CENTCOM.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *