Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл

1-кеңес.Егер Сіздің жақын адамыңыз азғырып көндіру тұзағына түсіп қалса

Есіңізде болсын, жалдамалыларды азғырып көндіру деп белгілі бір материалдық сыйақыға қарулы қақтығысқа немесе әскери қимылдарға қатысу үшін адамдарды жалдау арқылы іріктеу меңзеледі.Азғырып көндіру оған кандидаттарды іздестіруден, содан соң террористік не экстремистік іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында оларға кез келген тәсілмен (көндіру, бопсалау, уәде байласу) психологиялық ықпал етуден басталып, келісім жасаумен аяқталады.

Азғырып көндіруге ұшыраған адамның мінез-құлық белгілері:

    • әдеттері өзгереді. Діни кітаптар мен дұға мәтіндерін оқуға көп уақыт бөледі;
    • мүдделері өзгереді. Оны отбасының тірліктері қызықтырмайды, достарымен қарым-қатынаста салғырт бола бастайды, жұмысқа, оқуға немқұрайлы қарайды;
    • мінез-құлқы, жүріс-тұрысы өзгереді. Күнделікті және әдеттегі нәрселерге бейадекватты және агрессивті жауап қатады;
    • көзқарастары өзгереді. Айналадағы адамдардың теологиялық мәселелер бойыша пайымдары мен пікірлеріне эмоционалды және агрессивті жауап қатады. Жалғыз ақиқат ретінде өзінің көзқарасын таңуға тырысады;
    • өмір салты өзгереді. Достарымен және жұмысындағы әріптестерімен қарым-қатынасы шектелгеніне қарамастан, көптеген телефон қоңыраулары, хаттардың келуі пайда болады, аптасына кездесулердің (сондай-ақ жиналыстар, семинарлар және т.б.) саны да көбейеді. Жұмыспен байланысты емес ел ішіне және шетелге сапарлармен шығуы мүмкін;
    • ақша жұмсауы өзгереді. Ақша шығындары, күнделікті жұмсайтын ақша мөлшері (балаларда) шамадан тыс көбейеді.
    • Аталған барлық алты белгінің болуы міндетті емес екенін атап өтеміз. Дегенмен, олардың біреуін анықтасаңыз, ойлану қажет-ақ.

Егер Сізде жақын адамыңыз азғырып көндіруге ұшырады деген қатты күдік пайда болса, Сіз бұл туралы:

республикалық сенім телефоны–114;

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны» – 110немесе 8 (7172) 24 02 90арқылы хабарлай аласыз.

2-кеңес. Терроризм актісінің жоспарлануын немесе дайындалуын айғақтайтын белгілер

Негізгі белгілерді есте сақтаңыз:

    • сіз жұмыс істейтін ғимаратта немесе үйдің ауласында күдікті адамдардың бірнеше мәрте көрінуі, олардың суретке және бейнежазбаға түсіруі, сондай-ақ жазып алуы;
    • аталған адамдардың құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп қалмауға әрекеттенуі және бейнабақылау камераларына көзге түсіп қалудан жалтаруы(басын төмен түсіреді, бұрылып кетеді, бетін бүркейді);
    • техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдардың ғимараттардың жертөлелері мен шатырларына кіруі;
    • осы адамдардың әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының күзетшілерімен және қызмет көрсетуші персоналдармен негізсіз байланысқа түсуі(әңгімелесуі), оның ішінде олардың кезекшілік және жұмыс кестесін, ғимараттың жоспарын, қызметкерлер кабинеттерінің орналасуын анықтау мақсатында әңгімеге тартуы;
    • бөгде адамдардың болмашы жұмысты орындату үшін қомақты сыйақыға жұмыс жасауға дайын адамдарды іздестіруі (пакет, түйіншек, сәлемдемелер беру).

Егер Сіз үшін бейтаныс немесе күмәнді адамдардың әрекеттері мен жүріс-тұрысында осы белгілер бар деген қатты күдік пайда болса, онда Сіз бұл туралы:

Ішкі істер министрлігі шұғыл қызметінің телефоны – 102;

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны»– 110немесе 8 (7172) 24 02 90;

республикалық сенім телефоны– 114арқылы хабарлай аласыз.

3-кеңес. Егер Сіз күдікті зат тауып алсаңыз.

Ең алдымен:

    • жақын бармаңыз;
    • затты оқшау ұстауға және/немесе бөтен адамдардың затқа жақындауына жол бермеуге тырысыңыз;
    • қауіпсіз қашықтықтан затты анықтап қараңыз, сыртында көрінетін антенна сымдар немесе ұялы телефонға қосылған тоқ көздерінің бар-жоғын анықтаңыз;
    • қауіпсіз қашықтықтан заттан сағат механизмінің дыбысы шығып тұр ма, соған құлақ түріңіз және басқа да шуылдар, химиялық заттардың иістері шығып тұр ма, соны анықтаңыз;
    • қасыңыздағы адамдардан оны кім тастауы мүмкін екендігін сұраңыз, заттың (сөмкенің және т.б.)тиесілігін анықтауға тырысыңыз;
    • егер қожайыны анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз («102» — ішкі істер органдарының кезекші бөліміне (полицияға) және «112» — құтқару қызметіне);
    • жақын маңда болған және Сізге күдікті болып көрінген адамдардың сырт келбетін есте сақтауға тырысыңыз;
    • құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгеннен кейін зат табылған уақыт пен ықтимал күдікті адамдар туралы ақпаратты хабарлаңыз.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

    • затты ашуға, орнынан жылжытуға, көтеруге, ауыстыруға;
    • қолға алуға;
    • затты қалтаға, портфельге, сөмкеге және т.б. салуға;
    • жерге көмуге немесе суға тастауға;
    • затқа жалғанған сымды үзуге немесе тартуға, оны залалсыздандыруға тырысу әрекеттерін жасауға;
    • табылған таныс емес заттарды пайдалануға;
    • затқа жақын тұрған жерде радио және электр аппаратураларын, ұялы телефондарды пайдалануға.

Бір мезгілде күдікті зат туралы:

Ішкі істер органы шұғыл қызметінің телефоны – 102;

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны» – 110немесе 8 (7172) 24 02 90;

республикалық сенім телефоны– 114 арқылы хабарлаңыз.

4-кеңес. Оқу орнының аумағында терроризм актісінің болу қаупі немесе терроризм актісі жасалған кезінде

Телефон хабарламасы түскен кезде:

болған оқиға туралы жақын маңда жүрген ересек адамға (оқытушыға, директорға, полиция қызметкеріне) дереу хабарлау;

қоңырау шалушымен әңгімелесу барысында оның жынысын, жасын, сөйлеу ерекшелігін анықтауға тырысу, қоңырау шалынған орынның дыбыстық фонына назар аудару;

одан әрі келген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет ету қажет.

Терроризм актісі жасалған кезде:

    • құқық қорғау және төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлерімен бірлесіп балалар мен оқу орнының қызметкерлерін қауіпсіз жерге эвакуациялау;
    • жедел-тергеу тобы келгенге дейін куәгерлердің болуын қамтамасыз ету;
    • балаларға сабыр сақтау, үй-жайдан педагогтардың нұсқауларына сәйкес шығу;
    • одан әрі келген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет ету қажет.

Шабуыл жасалған кезде:

    • мекеме қызметкерлерін хабардар ету;
    • балалар мен мекеме қызметкерлерін қауіпіз жерге жасыру бойынша шаралар қабылдау;
    • одан әрі келген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет ету қажет.

Тек қана дұрыс әрі сауатты әрекеттер Сіздің өміріңізді және балалардың өмірін сақтауға көмектесетінін есте сақтаңыз.

Барлық осындай фактілер бойынша:

Ішкі істер органы шұғыл қызметінің телефоны – 102;

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны» – 110 немесе 8 (7172) 24 02 90;

республикалық сенім телефоны– 114 арқылы байланысқа шығу қажет.

5-кеңес. Егер Сізді кепілге алса не істеу керек

Егер сізді кепілге алса мынадай қағидаларды ұстануға кеңес береміз:

    • террористердің қару қолдануына түрткі болуы және адам шығындарына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеңіз (оқыс қозғалу немесе шуыл террористер тарапынан қатал соққыға әкеп соғуы мүмкін);
    • террористердің көзге байлауыш, ауыз кергіш, кісен немесе арқан қолдануына дайын болыңыз;
    • басыну, балағат және кемсіту әрекеттерін көтеріңіз, қылмыскерлердің көзіне қарамаңыз (ашулы адам үшін бұл агрессия белгісі), қасарысқан түр көрсетпеңіз;
    • қарсылық танытуға тырыспаңыз, бандитті қарусыздандыруға немесе шығар есікке не терезеге шығуға ұмтылып, қажетсіз батырлық көрсетпеңіз;
    • егер сізді кепілге алындыңыз деп үй-жайдан шығуға мәжбүр етсе, қарсылық танытпаңыз;
    • егер жаныңызда балалар болса, олар үшін қауіпсіз орын табыңыз, оларды кездейсоқ оқтан жасыруға тырысыңыз, мүмкіндігінше олардың жанынан алыстамаңыз;
    • қажет болған кезде қылмыскерлердің талаптарын орындаңыз, оларға қарсылық білдірмеңіз, айналадағылардың өмірі мен өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз, айғай-сүрең мен үрейге жол бермеуге тырысыңыз;
    • медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл туралы бандиттердің жүйкесіне тимей, сабырмен, қысқаша айтыңыз, рұқсат алмайынша ештеңе істеуге әрекеттенбеңіз;
    • «спартандық» өмір жағдайына дайын болыңыз (бейадекватты тағам және тұру жағдайлары, бейадекватты дәретхана жағдайлары);
    • денсаулығыңызда кінәрат бар болса, қажетті дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алып шыққаныңызға көз жеткізіңіз, қарауылдарға денсаулық жағдайыңыз туралы хабарлаңыз, қажет болған кезде медициналық көмек көрсетуін немесе дәрі-дәрмек беруін сұраңыз;

Сізде қандай да бір құжаттардың, телефон нөмірлерін және т.б. барын түсіндіуге дайын болыңыз.

Есіңізде болсын, Сіздің мақсатыңыз–тірі қалу

Мұқият болыңыз, қылмыскерлердің белгілерін, бет әлпетіндегі ерекшеліктерін, киімін, аттарын, лақап аттарын, ықтимал тыртықтары мен татуировкаларын, сөздеріндегі ерекшеліктері мен мінез-құлық мәнерін және т.б. есте сақтауға тырысыңыз.

Есіңізде болсын, Сіздің кепілге алынғаныңыз туралы хабарлама алған арнайы қызметтер іс-қимылға кіріседі және босату үшін бар күшін салады.

6-кеңес. Ұшақты террористер басып алған кезде

Маңызды:

    • ешқандай жағдайда үрейге бой алдырмаңыз, орныңыздан атып тұрмаңыз, креслоңызда қалыңыз;
    • террористермен салғыласпаңыз, олардың қару қолдануына түрткі болмаңыз, арнайы дайындық болмаған кезде өз бетіңізше террористерді зиянсыздандыруға тырыспаңыз, көршілеріңізді бұл әрекеттен сақтандырыңыз;
    • террористер Сізге қолдануы мүмкін кемсіту мен балағат сөздерді көтеріңіз;
    • жолаушылармен террористердің кімдерге тиесілі екенін талқыламаңыз;
    • өзіңізге назар аудартуы тиіс барлық нәрседен аулақ болыңыз;
    • егер жолаушылар арасында жылаған балалар немесе ыңырсыған аурулар болса, жақтырмаған түр көрсетпеңіз, сабырлы болыңыз. Кез келген негативті эмоцияның тұтануы онсыз да ушыққан жағдайды қатты шиеленістіріп жіберуі мүмкін;
    • террористерге сенбеңіз. Олар кез-келген нәрсені айтуы мүмкін, бірақ тек өз мүдделерін ғана көздейді;
    • өзіңізді лайықты ұстаңыз. Өзіңізді ғана емес, басқа жолаушыларды да ойлаңыз;
    • егер Сіз экипаж мүшелерінің бірі ұшақтан шығып кеткенін көрсеңіз, ешқандай жағдайда бұл фактіге басқа жолаушылардың назарын аудармаңыз. Экипаждың әрекеттерін террористер байқап қалуы мүмкін;
    • мүмкіндігінше егер жанама белгілер бойынша олармен келіссөздер нәтиже бермегенін ұғынсаңыз, ұшақты босату бойынша арнайы операция басталатын кезге дайын болыңыз;
    • егер құтқару операциясы жүргізілетін болса, террористер Сізді ұстап алмайтындай және тірі қалқан ретінде пайдаланбайтындай жағдайға енуге тырысыңыз: төмен құлаңыз немесе креслоның арқалығына жасырыныңыз, басыңыды қолыңызбен жабыңыз және Сізге көтерілуге рұқсат бермейінше сол жерде қалыңыз.

Назар аударыңыз: Қауіпсіздік күштері қозғалған кез келген адамды террорист деп ойлап қалуы мүмін.

    • ұшақтан мүмкіндігінше жылдам шығыңыз. Жеке заттарыңызды іздеу үшін бөгелмеңіз.

Тек қана дұрыс әрі сауатты әрекеттер Сіздің өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтауға көмектесетінін есте сақтаңыз.

7-кеңес.Эвакуациялау туралы ақпарат алған кезде не істеу керек

Эвакуация туралы хабарлама тек жарылғыш құрылғы табылған жағдайда және террористік актінің салдарларын жою кезінде ғана емес, сондай-ақ өрт, апат кезінде де түсуі мүмкін.

Билік өкілдерінен немесе құқық қорғау органдарынан эвакуацияның басталғаны туралы хабарлама алған соң, олардың нұсқауларын нақты және дәл орындау арқылы сабырлылық сақтаңыз;

Егер Сіз пәтерде болсаңыз, мынадай әрекеттерді орындаңыз:

    • жеке құжаттарыңызды, ақшаңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
    • электр көзін, су мен газды ажыратыңыз;
    • эвакуация кезінде қарттарға, ауыр науқас адамдарға, сондай-ақ балаларға көмектесіңіз;
    • кіреберіс есігіңізді міндетті түрде құлыптаңыз – бұл тонаушылардың пәтеріңізге кіріп кетуінен қорғайды.

Айғай-сүреңге, үрейге және асығыстыққа жол бермеңіз. Үй-жайдан ұйымдасқан түрде шығыңыз, қауіпсіз емес жерге – мүмкіндігінше алысырақ кеткеніңіз дұрыс.

Тастап кеткен жеріңізге жауапты тұлғалар рұқсат еткеннен кейін ғана оралыңыз.

Егер эвакуация туралы хабарлама оқу орнында, мектепке дейінгі мекемеде (жұмыс орнында) болған кезіңізде келіп түссе:

    • қажет заттарыңызды тезірек жинастырыңыз (құжаттарды, ақшаңыз бен бағалы заттарыңызды сөмкеге салыңыз, киініңіз);
    • бөгеліп қалған құрбыларыңызға (әріптестеріңізге) көмектесіңіз
    • оқытушымен (әкімшілік өкілімен) бірге ұйымдасқан түрде далаға шығыңыз;
    • ғимараттан аулақ тұрыңыз;
    • үлкендердің (жауапты тұлғалардың) рұқсатынсыз жан-жаққа тарамаңыз, ешқайда кетпеңіз, әрқашан көз алдында тұрыңыз, топпен бірге болыңыз, өйткені ұжымдағы мүшелердің біреуінің хабар-ошарсыз жоқ болуы жаппай айқай-шуға және үйреуленуге әкелуі мүмкін;
    • жоқ адамдарды анықтау мақсатында (студенттерді, қызметкерлерді) дауыстап түгендеңіз;
    • эвакуация туралы хабарлама алған сәтте ғимаратта болғандардың арасындағы адамдар жоқ боп кетсе, бұл туралы полиция қызметкерлеріне және мекеме әкімшілігіне дереу хабарлаңыз;
    • бұдан арғы нұсқауларды күтіңіз.

Балаларды, қарт адамдар мен мүгедектерді алып жүрген кезде балаларды қолға көтеріп алыңыз, ал қарт адамдар мен мүгедектерді жиналған қалың топтың ішіне түсіп кетпеуге тырысып, шеткерірек алып жүріңіз (қолынан ұстап жүріңіз немесе мүгедек арбасымен сүйретіңіз).

Осындай барлық фактілер бойынша ішкі істер органдарының кезекші бөліміне (полицияға) — «102» және құтқару қызметіне — «112» телефондары арқылы хабарласу қажет.

8-кеңес.Террористік акт жасау қаупі кезінде адамдар көп жиналатын жердегі тәртіп.

    • адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз;
    • егер жүгіріп келе жатқан адамдардың ортасында қалсаңыз, олардың бағытымен жүре беріңіз, бірақ біртіндеп ол жерден шығуға тарысыңыз;
    • бойы ұзын және денесі ірі адамдардан, заттары көлемді және сөмкелері үлкен адамдардан алысырақ болуға тырысыңыз;
    • егер кептеліс қауіпті сипат ала бастаса, дереу, ойланбастан кез келген жүктен, ең алдымен ұзын бауы бар сөмкеден және шарфтан арылыңыз;
    • егер бірдеңе түсіріп алсаңыз, ешқандай жағдайда көтеруге әрекеттенбеңіз;
    • кез келген тәсілмен аяқта тұруға тырысыңыз;
    • егер құлап қалсаңыз, мүмкіндігінше тезірек тұруға тырысыңыз. Бұл ретте, қолыңызбен сүйенбеңіз (қолыңызды басып кетеді не сындырады). Бір сәт болса да табаныңызбен немесе аяғыңыздың ұшымен болса да тұруға тырысыңыз;
    • егер тұра алмасаңыз, бүктеліп, басыңызды білегіңізбен қорғаңыз, ал желкеңізді алақаныңызбен жабыңыз;
    • Адамдар толы үй-жайға келген соң, экстремалды оқиға туындаған кезде қандай орындар қауіпсіз екенін алдын ала анықтаңыз (стадиондағы секторлардың арасынан өтетін жерлер, концерт залдарындағы шыны есіктер мен аралықтар, т.б.), қосалқы және авариялық шығатын есіктерге назар аударыңыз, олармен ойша жүріп өтіңіз;
    • дүрбелең туындаған кезде байсалдылық сақтауға және оқиғаны ақыл таразысына салып бағалауға тырысыңыз;
    • балаларды, қарт адамдар мен мүгедектерді алып жүрген кезде балаларды қолға көтеріп алыңыз, ал қарт адамдар мен мүгедектерді жиналған қалың топтың ішіне түсіп кетпеуге тырысып, шеткерірек алып жүріңіз (қолынан ұстап жүріңіз немесе мүгедек арбасымен сүйретіңіз).

Осындай барлық фактілер бойынша ішкі істер органдарының кезекші бөліміне (полицияға) — «102» және құтқару қызметіне — «112» телефондары арқылы хабарласу қажет.

9-кеңес. Құқыққа қайшы контентті қалай өшіру қажет

Қазақстан тұрғындарының көпшілігі туғандарының, жақындары мен таныстарының «YouTube» желісінен зорлық-зомбылықты, экстремистік және террористік идеяларды насихаттау мазмұнындағы бейнематериалдар көруіне қарсы.

Сіз бұндай бейнелерді тікелей өшіре аласыз.

Ол үшін бірнеше қарапайым амалдар қажет:  

1-қадам.

Бейне жазылған парақшаға кіру және бейненің астынан«Тағы» деген сөзді тауып алу, ол көрілімдер саны жазылған жазбаның астында болады.

2-қадам.

Сол түймені басса, «Шағымдану» жалаушасы шығады, соны іске қосу қажет.

3-қадам.

Экранға шыққан мәзірден «Қатыгез немесе жиіркенішті көріністер» тармағын таңдау қажет

4-қадам.

Одан әрі «Терроризмді насихаттау».

5-қадам.

«Жіберу» түймешесін басу.

10-кеңес.Егер Сізге діни мәселелер жөнінде ақыл-кеңестер қажет болса

ЕГЕР СІЗГЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА:

    • түсініксіз діни идеяларды мәжбүрлеп міндеттесе және олар діни тақырыптарды күштеп үгіттеуге ұшыратса не экстремистік немесе террористік қызметке тартуға тырысса;
    • көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көлікте күмәнді діни әдебиеттердің таратылғаны туралы белгілі болса;
    • діни жоралғыларға және іс-шараларға қатысуға міндеттесе не оларды діни сипаттағы күмәнді жиналыстар алаңдатса;
    • күмәнді адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалымен бетпе-бет кездесуге мәжбүр болса;
    • имамдар мен теологтар тарапынан сапасыз профилактикалық жұмыс белгілі болса немесе өзіңіз соның куәсі болсаңыз;
    • діни сипаттағы проблемалардың кесірінен қиын өмірлік жағдайға тап болуға тура келсе;
    • дін саласындағы мамандардың консультациясы мен көмегі қажет болса

«ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ» АҚПАРАТТЫҚ-КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА «114»ТЕГІН НӨМІРІНЕ, СОНДАЙ-АҚ 8 777 0000 114 НӨМІРІНЕ (БИЛАЙН АБОНЕНТТЕРІ ҮШІН ТЕГІН) ЖҮГІНУ ҚАЖЕТ, ОЛАР:

    • діни қатынастар саласы бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.
    • деструктивті діни әрекеттен зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетеді.
    • серіктес діни орталықтармен әрекет етеді, бұл тұрғылықты жері бойынша қажет кезде тиісті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

КОНСУЛЬТАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ КІМ БЕРЕДІ:

  • Құпия өткізіледі.
  • Кәсіби заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар өткізеді.

Кітапты жүктеп алу

ДереккөзҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *