Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекістанда ауыр жүк көліктерімен болатын теректілердің алдын алу шаралары қабылданып жатыр

Ташкент. 2 қаңтар. Құқық қорғау органдары жылдың басынан жоғары технологияларды қолданып қашықтықтан айдап әкетілген машиналарды тоқтату мүмкіндіктері болады,деп «Каравансарай» хабарлайды.

Бұл жүйе Ташкент көшелерінде орнатылған тесттік режимде жұмыс істеп жатқан бейнебақылау жүйесін толықтырады.

Өзбекістан басшылығы 19 желтоқсан күні Берлинде болған рождестволық жәрменкеде халық тобына жүк көлігі соқтығысқан террористтік актіден кейін қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Шабуылдардың алдын-алу шаралары

Сарапшылардың ойынша Өзбекістанда қабылданған қауіпсіздіктің қатаң шараларына байланысты террористтік шабуылдар мүмкін емес.

«Өзбекістанда бірнеше жыл бұрын елді мекендерде жүк автокөліктерінің қозғалысы шектелген.Ташкент орталығында тыйым салу белгілері орнатылған. Жүк автомобилінің жүргізушілерінде жол жүру қауіпсіздігінің испекторлары тексеретін арнайы жол-сапар қағазы болуы қажет.Қалаға кіру кезде мұқият тексеру жүргізіледі»,- логистикалық компанияның қызметкері Матлабходжа Зоиров айтты.

Оның айтуынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері «әрдайым жүктер мен жүргізушілердің құжаттарың тексереді».

Басшылық сонымен бірге көлік құралының айдап кетуіне де жол бермеу шараларын қабылдап жатыр.

«Қазіргі кезде Өзбекістанда көлікті айдап әкетуші үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Көлікті айдап әкету өте сирек болады»,-деп «Каравансарайға» Ташкенттік заңгер Муслима Хакимова айтты.

Осыған қарамастан Өзбекістан басшылығы әрдайым осындай қылмыстармен күресу шараларын нығайтады.

Өзбекістанның бас прокуратурасы 2016 жылдың 7 қазан күні көлікті айдап әкету үшін жауапкершіліктің күшейтуің шешіп, Қылмыстық кодекске түзетулер енгізу үшін парламентке талқылауға тапсырды.Толықтырулар қабылданса дара айдап әкетушілерге максималды жаза 10 жылға дейін өседі,ал топпен жасағандар үшін – 20 жылға дейін.

Айдап кетуге қарсы дистанциялық жүйе

Мемлекеттік айдап кетуге қарсы дистанциялық жүйенің енгізілуі ланкестермен айдап кеткен көліктерді пайдаланбауына қарсы шара.Оны мемлекет аумағындағы жеке және мемлекеттік объектілердің күзетімен айналысатын Өзбекістанның ІІМ жанындағы «Күзет» бірлестігі бақылайды.

«Біздің жоспарымыз – азаматтардың көліктерің сақтауға алу мен көліктерге дистанциялық блокираторларды орнату»,-деп 2016 жылдың сәуірінде БАҚ үшін өткен брифингте «Күзет» басшысы полковник Тохириддин Наджимов баяндады.

Дистанциялық блокираторлары бар айдап кетуге қарсы жүйе сынақтан өтіп өзің жоғары дірежеде көрсетті.Ол құқық қорғау органдарына айдалып кеткен көліктерді компьютер арқылы тоқтатуға мүмкіндік береді, деп Наджимов 19 желтоқсан күні берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша,жүйе 2017 жылдың басынан енгізіле бастайды.

Ташкентте 2014 жылы құрыла басталған көше қиылысында орнатылған бейнебақылау жүйесін толықтырмақ.

«Бүгінгі күні тесттік режимде жұмыс істеп ,тәртіп бұзушылықты жазып алатын камералармен 120 көше қиылысы жабдықталған»,- деп «Каравансарайға» Ташкенттің жол жүру қауіпсіздігі басқармасының қызметкері Шерзод Меликулов хабарлады.

Екі жүйе толығымен енгізілгенде,көлікті айдап кетушілер,ықтимал ланкестерді қоса,қала бойынша жүре алмайды.

Көше қиылысын өткен кезде,әзірше Ташкентте ғана бар бейнебақылау жүйесі айдалып әкетілген көліктің жылжуы туралы белгі береді де,ол дистанциялық түрде бұғатталады.

Дереккөз: «Каравансарай»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *