Багдад. 4 қаңтар. Иракта 2016 жылғы қақтығыстардан 6 800 бейбіт тұрғын ажал құшты. Тағы 12 мыңнан астамы жарақат алған.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Иракқа көмек көрсету жөніндегі миссия өкілдері хабарлады. Қазір Мосул қаласын «Ирак пен Левант лаңкестік тобынан» азат ету шаралары жүріп жатыр.
Содырлар бұл шаһарды 2014 жылы басып алған еді. Операция былтырғы қазан айында басталды.Жергілікті әскерге АҚШ бастаған халықаралық коалиция авиациясы қолдау көрсетуде.
Айта кетейік, «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» — бүгінгі таңда әлемдік қауіпсіздік үшін басты қатерлердің бірі. Соңғы 3 жылда экстремистік ұйым Ирак пен Сирияның біраз жерін жаулап алды.
Дереккөз: Хабар 24