Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризммен күресу Алматылық штаб жедел-алдын алу іс-шараны өткізеді

Алматы. 5 қаңтар. Алматы қалалық терроризммен күресу жедел штаб тұрғындарға үндеу жасады,деп Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Алматы мен қала маңында Универсиада қарсанында жедел-алдын алу іс-шараларды өткізіледі деп хабарланады. Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыс жасауға бейім тұлғаларды анықтауға бағытталған. Іс-шаралар 6 қаңтардан 25 қаңтар аралығында Алматы аумағында өтеді.

«Универсиада-2017 – көлемді халықаралық спорттық оқиға қарсанында,басқа елдер мен қалалардан көптеген спортшылар мен қонақтар қатысатын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым болып саналады. Осыған байланысты ойындар қарсанында Алматы қаласы мен Алматы облысының кейбір аймақтарында масштабты жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі деп жоспарланған. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу үшін құқық қорғау органдарының күштері іске қосылады.Тұрғылықты орын бойынша өңдеу аясында ішкі істер органдарынта есепте тұрған тұлғалар тексеріледі.Бұдан басқа,жоспарланған тексеруге сақтау және тіркеуден қайта өту ережелері сәйкестігіне атыс қаруының иелері тексеріледі»,- деген ақпаратты Алматы қалалық терроризммен күресу жедел штабы таратты.

Сонымен бірге Алматы қалалық терроризммен күресу жедел штабы тұрғындарды осындай шараларға түсінушілікпен қарауды, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жәрдем көрсетуін сұрады.

Дереккөзtengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *