Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда үйінен гашиш сатқан ер адам ұсталды

АЛМАТЫ, 09 наурыз. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Алматыда үйінде есірткі сатқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қаласының Алатау ауданында гашиш сатқан ер адам ұсталды. Күдікті есірткіні үйінде сатып отырған. Полиция қызметкерлері оның тұрып жатқан жерін тінту барысында 190 грамм гашиш тәркіледі», — деді ол. Ресми өкілдің айтуына, күдікті есірткі сатып жатқан кезде қолға түскен.

«Ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді затты ол қағаз түбіртекке орап сатпақ болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің есірткіні қайдан алғанын анықтап жатыр. 43 жастағы күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол уақытқа оқшаулағышқа қамалды», — деді Нұрділдә Ораз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *