Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанда болған қос жарылыстан 7 адам қаза тапты

Исламабад. 23 ақпан. Пәкістанның Лахор округіндегі базарда қатарынан екі рет жарылыс болып, салдарынан 7 адам қаза тапты. Оқиға барысында 35-ке жуық адам жараланды, деп Хабар 24 телеарнасы хабарлайды .

Ақпаратқа сәйкес, теракт осында орналасқан мейрамханада болған. Жарылыстан ғимаратқа көршілес орналасқан сауда орындарының терезелері күл-талқан болды. Ал қорыққан жұрт тұрған жерлерін тастап, сыртқа қашты. Базарды қоршап, тексеру жүргізген полиция бастапқыда оқиғаға не себеп болғанын анықтай алмады. Артынша Лахор округі қарасты Пенджаб провинциясының полиция бастығы оқиғаның террорлық акт болғандығын мәлімдеді. Бірақ, ол тек бірінші жарылыс кезінде бомбаның жарылғанын растады. Екінші жарылысқа нақты не себеп болғаны белгісіз.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *