Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қос өкіл имам халықаралық конференцияға қатысты

Орынбор. 3 наурыз. Орынбор  қаласында 28 ақпан күні «Еуразия халықтарының Одағы» АКҰ-ның ұйымдастыруымен «Орта Азия мемлекеттері мен Ресейдегі діни ахуал: бағалау және саралау» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Келелі кеңесте көршілес мемлекеттерден Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей елінің дінтанушылары, саясаттанушылар мен  әлеуметтанушылар, БАҚ өкілдері бас қосып, бірқатар тұшымды пікірлер айтылды.  Ал елімізден ҚМДБ-ның тікелей жолдауымен, «Еуразия халықтарының Одағы» АКҰ-ның арнайы шақыртуы бойынша Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан және Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Руслан Сұлтанов қатысты. Бұдан өзге отандық делегаттар құрамында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы басшысының м.а.Руслан Құлдыбаев, танымал теолог Асқар Сабдин, С.Ғизатов және өзге де жас ғалымдар болды.

«Просвещение – как путь предотвращения заблуждении» тақырыбында баяндама жасаған өкіл имам Төлеби Оспан Қазақстандағы діни ахуал жөнінде баяндап, жағдайдың тұрақты екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның күн тәртібіндегі басты мәселесі – кадр даярлау, дін мамандарының біліктілігі мен білімін жетілдіру бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып, соның бірқатарына тоқталып кетті. Атап айтқанда, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің әр түрлі түйткілді тақырыптарда пәтуалар шығарып, парасаттылықпен шешім табуы, шәкірттерді елдегі діни оқу орындарына, медреселерге оқуға түсіру, имамдарды екі айлық білімін жетілдіру курстарына қатыстыру, т.б. Бас имам бұл бағыттағы жұмыстардың адасушылықтың алдын алудың бірден-бір тиімді жолы екендігін баса айтып өтті.

Ал танымал теолог Асқар Сабдин теріс ағым өкілдерімен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісіп, бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

Іссапар барысында Орынбор облысының бас имамы Алфит Шарипов өкіл имам Төлеби Оспанды мәдени мұраға бай өңірмен таныстырып, қаладағы тарихи мешіттерді бірге тамашалады. Іргесі сонау 19-ғасырдың аяғында қаланған әйгілі Хусайния медресесінде болып, онда білім алушы шәкірттермен кездесті.

Сапар соңында өңір имамы Алфит Асқатұлы Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Дәділұлына естелік сыйлық табыс етіп, алғысын жеткізді және қос тарап та екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюын тілеп тарасты.

Дереккөз: «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *