Дамаск. 3 наурыз. Сирияның солтүстік шығысындағы Пальмира қаласы лаңкестерден екінші мәрте азат етілді.
Ресей Әскери ғарыш күштерінің қолдауымен Сирия жауынгерлері «Ирак пен левант» лаңкестерін шаһардан толық ығыстырған. Сөйтіп аймақты минадан тазарту жұмыстарына кірісті. Мәліметтерге қарағанда, содырлар үкімет әскеріне қарсы тегеурінді тойтарыс бере алмай, тез шегінген. Екі мың жылдық тарихы бар Пальмира қаласы содырлар қолынан бұған дейін өткен жылдың наурызында да бір рет азат етілген болатын. Сол кезде көне шаһарда ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік ескерткіштер тізіміне енген талай тарихи жәдігердің қирағаны белгілі болды. Бірақ небәрі он ай ішінде билік әскері оны уысынан қайта шығарып алған еді.
Дереккөз: Хабар 24