Астана. 4 сәуір. Санкт-Петербургктегі терактіге 22 жастағы Максим Арышевтің, Қазақстан азаматы, қатысы бар деуге ерте, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында.
Осылайша, Әнуар Жайнақов, 3 сәуірде Санкт-Петеребургте болған терактіге Қазақстан азаматының қатысы бар деген бір қатар БАҚ агеттіктерінде пайда болған ақпаратқа пікірін білдірді.
Кейбір ақпаратқа сәйкес, Максим Арышев, жарылыс кезінде оқиға орнында болған және содан кейін байланысқа шығуды қойды.
Кейбір БАҚ-та 3 сәуір күні Сант-Петербургтегі терактіні орындаушы Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. 3 сәуір күні жергілікті уақытпен 21:06-да Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулына алматылық Ирина Арышевадан телефон қоңырауы келіп түсті. Ол жарылыс туралы ақпараттан кейін Санкт-Петербург экономикалық университетінің 3-курсында оқитын өзінің ұлы, 09.08.1996 жылы туған Арышев Максим Витальевичтің байланысқа шықпай қалғанын айтқан. Санкт-Петербургте М.Арышев өзінің дос қызымен, әпкесімен және жездесімен бірге тұрады. Туыстарының хабарлауынша, Максим соңғы рет 3 сәуір күні 14:30-да сабақтан шығып, Сенная площадь стансасынан Технологиялық институт арқылы үйге қайтып келе жатқанын хабарлаған», — деп жазды Әнуар Жайнақов.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысының хабарлауына сәйкес, Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консул, қазіргі уақытта, теракт құрбандарын тану жүргізіліп жатқан ауруханада.
Астана уақытымен таңғы сағат 5.30 жағдайында құрбандар арасында Қазақстан азаматтарының жоқтығы анықталды.
«Бір қатар БАҚ таратылған суреттегі адам Максим Арышев емес»- деп тоқтала өтті Әнуар Жайнақов
Айта кетсек, Санкт-Петербург метросындағы жарылыс дүйсенбі, 3 сәуір күні «Сенная площадь» және «Технологический институт» стансалары арасында болды. Соңғы деректерге сәйкес, теракт салдарынан 10 адам қаза тапты.
Дереккөз: Facebook