Вашингтон. 5 сәуір. «Ислам мемлекетті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымы АҚШ президенті Дональд Трампты «батып бара жатқан» мемлекет тұтқасында тұрған «ақымақ» деп атады.
Бұл туралы RT, Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауда.
«Сендер (АҚШ) Сирия немесе Ирак немесе Ислам туралы еш хабары жоқ есуас адаммен басқарыласындар, бұған ешбір дәлелдеменің қажеті жоқ», — деп террористік ұйымның хатында айтылған.
Бұл ИМ террористік ұйымның Трамптың АҚШ президенті қызметіне келгелі, бері бірінші үндеуі.
Дереккөз: RT