Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Санкт-Петербургтегі теракт кезінде отандасымыз Максим Арышев қаза тапты

Астана. 4 сәуір. Санкт-Петербургтегі теракт кезінде небәрі 20 жастағы отандасымыз Максим Арышев қаза тапты.

Ол – лаңкестік әрекеттің құрбаны. Көптің үрейін алған қаралы жағдай бүгін Үкімет отырысында сөз болып, сақтық шаралары талқыланды.

Күллі Ресей жұртының қабырғасын қайыстырған кешегі теракт қазақ елінің де өзегін өртеді. Көрші елдегі қайғылы жағдай бізді де алаңдатып отыр. Лаң салған содырлардың көксегені – елдің тыныштығын бұзу. Осыны ескерген құзырлы орган өкілдері қаралы хабарды естіген бойда елімізде қауіпсіздікті күшейтті. Халық ең көп шоғырланған әуежай мен теміржол вокзалдарында, Алматы метрополитенінде сақтық шаралары қолға алынды. Мемлекеттік шекара аймағында да жіті бақылау. Бірақ елімізге көрші мемлекеттен келем деушілерге тыйым салынбайды. Шекара штаттық жүйеде жұмыс істеп жатыр.

Нұрғали Білісбеков, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары:

— Федералды қауіпсіздік қызметімен және Орталық Азиядағы басқа арнайы қызмет өкілдерімен бірлесіп, терактіні қатысы бар адамдарды іздестіріп жатырмыз. Айта кетейін, біз Федералды қауіпсіздік қызметіндегі әріптестерімізбен әрдайым осылай қоян-қолтық жұмыс істейміз. Мәселен, өткен жылы Ресей аумағында үш террористік әрекеттің жолын кестік. Сондай-ақ былтыр ел аумағында 12 зорлық-зомбылық пен лаңкестік қимылдың алдын алдық.  

Лаңкестікке отандасымыздың қатысы жоқ

Бұған дейін кей ақпарат құралдарында отандасымыз Максим Арышевтың терактіге қатысы болуы мүмкін деген жалған ақпар тараған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл қауесетті теріске шығарды. Іздеуде болған жерлесіміз лаңкестік әрекеттің құрбаны болып шықты. Сыртқы істер министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында оның денесін елге қайтару үшін дипломаттар тарапынан барлық көмек көрсетілетіні хабарланған.

Ануар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

— 20 жастағы азамат Максим Арышев Санкт-Петербургте өзінің дос қызымен, әпкесі және жездесімен тұрады. Туысқандарының айтуынша, соңғы рет 3 сәуірде сағат 14:30-да сабақтан шығып, «Сенная площадь» станциясынан «Технологиялық университет» станциясы арқылы үйге қайтып келе жатқанын хабарлады.

 Терактіге күдікті – Орталық Азия тумасы

Ал терактіге қатысты өзге бір күдіктінің жеке басы анықталып жатыр. Ол – Орталық Азияның тумасы. Әзірге лаңкестік ұйымдардың ешқайсысы Санкт-Петербургтегі жарылысты мойнына алған жоқ.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *