Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысырда қазақстандық туристерді үрейге бой алдырмауға шақырды

Астана. 9 сәуір.  Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Египетте демалып жатқан немесе бұл елге демалуды жоспарлаған қазақстандық туристерді курортты аймақтан тыс шықпауды ұсынады, деп хабарлайды ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өз Facebook парақшасында.

«Әлемдік бұқаралық ақпарат көздерінің деректерінше, мысырлық Танта қаласындағы коптық шіркеуде болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза тауып, тағы 40 адам жарақаттанған. Сонымен қатар полиция учаскесінің жанында екінші жарылыс туралы да хабарланды. Зардап шккендердің дәл саны нақтылануда. ҚР Инвестиция  және даму министрлігі Туризм индустриясы комитеті осы елде демалып жатқан немесе демалуды жоспарлап жүрген қазақстандық туристерді курорттық аумақтан тысқары шықпауды ұсынады»,-деп жазды Марат Иғали Facebook парақшасында.

 

Бұдан басқа ҚР ИДМ Египетте жүрген қазақстандық азаматтарды үрейге бой алдырмауды,сақтық шараларын сақтауды, халық көп жиналған жерге бармауды, сондай-ақ жергілікті биліктің  кеңесіне құлақ түру қажеттігін ескертеді.

Туризм индустриясы комитеті Египетке турларды жүзеге асыратын туроператорларды өз клиенттеріне болуы мүмкін қауіп-қатерлер және қауіпсіздік талаптарын шұғыл хабарлап отыруға шақырады.

Дереккөз: Facebook

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *