Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пасха алдындағы жексенбі күні Мысырдың Танта қаласында екі жарылыс болды

Каир. 9 сәуір.  Мысырдың Танта қаласында, Каирдан солтүстікке қарай орналасқан, екі жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистердің ақпаратына сәйкес, бірінші жарылыс Мар-Гиргис ғибадатқасында болды. Басында, жарылғыш затты жаңкешті іске келтірді деп хабарлаған, ал сосын бір белгісіз адамның жарылғыш заты бар сөмкені собордың бірінші қабатында тастап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

eXtranews телеарнасының хабарлауынша, ТЖ құрбаны 25 адам болды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жарылыс әсерінен 22 адам қаза тапты. Оқиға орнына 10 шақты жедел жәрдем автокөлігі жіберілді. Абдель Фаттаха ас-Сиси президентінің жарлығымен, заманауи технологиялармен жабдықталған Мысыр Қарулы Күштерінің реанимациялық бөлімшелері жарақат алғандарды қабылдауға ашық. Медициналық мекемелерде донорлық қан жетіспейді, осыған орай әлеуметтік желіде тез арада адамдарды қам тапсыруға шақырауда.

Қазіргі уақытта, шіркеудің аумағы полиция қызметкерлерімен қоршап алынған. Қарулы күштер құрылымының ақпаратына сәйкес, шіркеу ішінде тағы бір жарылғыш зат болуы мүмкін. Магди Абдель Гаффар Мысыр Ішкі істер министрінің хабарлауынша, шіркеудегі жарылысқа қатысы бар адамадар іздестірілуде. «Аль-Фагр» баспасының ақпаратына сәйкес, екі күдікті тұтқындалды.

Шіркеу манындағы ТЖ кейін ІІМ қызметкерлерін дайындау орталығының қасында тағы бір жарылыс болды. Бір адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Дереккөз: ТАСС 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *