Вашингтон. 19 сәуір. АҚШ мемдепартаментінде «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымның басшысы Абу Бакра аль-Багдадидің орналасқан мекен жайы туралы ақпараттың жоқ екендігін хабарлады.
«Біз бұл ақпараттың (тұтқындалғаны туралы) нақты екені туралы дәлдемелер көріп тұрған жоқпыз», — деп хабарлады РИА Новостиге мемдепартамент өкілі.
Бұған дейін бірнеше БАҚ, аль-Багдадидің Сирияда, Ирак шекарасының жанында тұтқындалғаны туралы хабарлаған. Бұл ақпаратты растайтын ешбір дәлелдеме келіп түспеді.
Сондай-ақ сейсенбі күні, 18 сәуірде, Мосул қаласында «Ислам мемлекеті» террористік ұйымның әскери басшыларының бірі Абу Хаджир ар-Руси тегімен әйгілі лаңкестің тұтқындалғаны туралы белгілі болды.
Дереккөз: РИА Новости