Париж. 21 сәуір. Приаж қаласының Елисей сарайында болған атыс зардабынан екі полиция қызметкері көз жұмып, біреуі жарақаттанды. Атушының көзі кұртылды, қазіргі уақытта Франция астанасының орталығында арнайы операция жүріп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің ақпаратына сәйкес, белгісіз адамдар патруль полицияның автокөлігінің қасына тоқтап оқ атты. Куәгерлердің айтуынша, лаңкестердің біреу автомат Калашников қаруынан оқ атқан.
Intervention de police en cours sur le secteur des #ChampsElysees Evitez le secteur et respectez les consignes des forces de police
— Préfecture de police (@prefpolice) April 20, 2017
Le Figaro хабарлауынша, шабуылдаушылар екеу болды, соның біреуі оқиға орнынан қашып кетті.
Қылмескерлердің шабуыл жасау себебі белгісіз, бірақ құқық қорғау органдары бұл оқиғаны террористік әрекет болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
РИА Новости тілшісінің хабарлауынша, оқиға болған жердің үстінде тікұшақ ұшып жүр.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері авенюді толығымен қоршауға және метро станцияларды бақылауға алды. Дүкендер мен мейрамханалардың барлығы жабылды.
Дереккөз: РИА Новости