Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бақытжан Сағынтаев: Құдайды өз жүректеріңізден іздеңіздер

Астана. 2 мамыр. Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен жақында өткен кездесуде жас буынның діни білімсіздігіне ерекше назар аударды, деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның көп конфессиялы мемлекет екенін және елімізде дін саласының мәселелеріне баса назар аударылатынын айтты. 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы қоғамдық сананың және жалпы қоғамның тұрақты әрі үйлесімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс.

Осыған орай ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне өңірлермен бірлесіп, рухани-адамгершілік тәрбие мен қоғамда радикалдық діни идеяларды таратуға жол бермеу жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет. Бұдан өзге, аталған салада дұрыс тәрбиелік әрі ағартушылық жұмыстарды бірлесіп атқарып, конфессиялар арасындағы келісімді нығайтуға күш салу керек.

ҚР Премьер-Министрі «Құдайды өз жүректеріңізден іздеңіздер, оны басқа еш жерден таппайсыздар» деген даналық сөзді еске түсіріп өтті. Сол себепті де, аталған жұмысты жүргізе отырып, қоғамның басты міндеті әркімнің жүрегіне осы түсінікті жеткізу болып табылады.

Айта кетсек, бугін, 2 мамырда, ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы өтті. Аталған отырыста дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы талқыланды.

Дереккөз: ҚР Премьер-Министрі сайты 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *