Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жітіқара тұрғынынан 700 грамм гашиш пен мылтық тәркіледі

ҚОСТАНАЙ, 11 наурыз. Қостанай облысының Жітіқара кентінде үйде аса ірі көлемде есірткі сақтаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы тұрғынның үйін тінтіп шыққан полицейлер жасыл түсті зат салынған 11 пакет пен электронды таразыны тәркіледі.

Сот-химиялық сараптама табылған заттың “гашиш” екенін анықтады. Оның жалпы салмағы 693,15 грамм болды.

Тұрғын ол заттармен шектелмепті. Полиция қызметкерлері үйіндегі керуетінің астынан 12-калибрлі аңшы мылтығын да тапты.

Қазір осы факт аясындаҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Күдікті қазір қамауда.

Жыл басынан бері Қостанай полицейлері заңсыз айналымнан 4 келіден есірткі затын тәркіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *