Кабул. 3 мамыр. Кабулдағы жарылыс нәтижесінде төрт адамнан астамы қайтыс болып, 22 адам жараланды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі медбикелердің, куәгерлердің және қауіпсіздік қызметінің өкілдерінің хабарына сілтеме жасап.
Бұған дейін Пахвак агенттігі он адам жараланды немесе қайтыс болды деп хабарлаған. TOLOnews телеарнасы хабарлауынша, жанкештінің НАТО әскерилерін тасымалдап келе жатқан көлік колоннасына шабуылы нәтижесінде екі азаматтық көліктер зақымданған.
#Updates#KabulAttack
Fear of civilian causalities as suicide bomber attacks on foreign troops vehicles in #Kabul. pic.twitter.com/ww7pdpfzQM— HUB TV (@HUBTVnews) May 3, 2017
Рейтер агенттігінің ақпаратына сәйкес, Ауғагыстан астанасында сәрсенбі күні, 3 мамырда, АҚШ елшілігінің жанында жарылыс болды. Куәгерлердің және шенеуліктердің айтуынша лаңкестердің көздегені НАТО әскерилерін тасымалдап келе жатқан көлік колоннасы болды.
Дереккөз: РИА Новости