Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ терроризмге қарсы күрес құрылымын құрады

БҰҰ. 12 мамыр. БҰҰ хатшылығы өз құрылымында терроризммен күрес мәселелері жөніндегі департамент құру жұмысын аяқтап келеді, деп хабарлады ТАСС.

БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик журналистерге мәлім еткендей, жаңа басқарманың жетекшісінің аты-жөні жақында жарияланады және ол бас хатшының көмекшісі немесе орынбасары мәртебесінде болады.

Оның айтуынша, жаңа департамантке қатысты ұсыныстар БҰҰ бас ассамблеясына беріледі.

Бұл ретте БҰҰ бас хатшысының өкілі БАҚ беттерінде, атап айтқанда «Ведомости» газетінде жарияланған, жаңа құрылымның жетекшісі Сергей Кисляк болуы мүмкін деген хабарға түсінік бермеді. С. Кисляк Вашингтондағы РФ елшісі.

«Ақтық шешімді бас хатшы қабылдайды. Сондықтан қауесеттерге құлақ түрмей, күтейік», — деді С.Дюжаррик.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *