Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астанадағы ірі сауда дүкеніне айыппұл салынды

Астана. 7 маусым. Астанадағы ірі сауда дүкені қауіпсіздік талаптарына сай емес. Сол себепті оған 1 000 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі..

Астана қаласы Ішкі істер департаменті жыл басынан бері террористік қатынаста осал 1000-нан астам обьектіні, солардың ішінде 102 аса маңызды мемлекеттік, 118 стратегиялық, 39 қауіпті өндірістік және 829 халық көп жиналатын нысандардың инженерлік-техникалық қуаттылығы мен терроризмге қарсы әрекет ету заңнамасының талаптарына сәйкес антитеррорлық қорғанысын тексерді.

Осы орайда «GREEN Mart» супермаркеттер желілерін тексеру барысында ірі сауда дүкенінің қауіпсіздік шараларына сай емес екені анықталған.

Тексеріс нәтижелері бойынша аталған мекемеге қатысты ҚР ӘҚБтК 149 бабы 1 б. (Террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «GREEN Mart» сауда желісі» ЖШС жетекшісіне 500 АЕК, яғни 1 060 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Дереккөз: Baq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *