Тегеран, 7 маусым. Белгісіз адамдар Иран парламент үйінен шабуыл жасады, нәтижесінде жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Tasnim агенттігі.
Сондай-ақ лаңкестер Тегеран қаласының оңтүстігінде орналасқан Хомейни кесенесіне шабуыл жасады, бір адам қаза тапты және бесеуі жарақат алды. Шабуылдарды «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымы өз мойнына алды., деп хабарлайды «Аль-Арабия» телеарнасы.
Security forces rushing towards #NationalParliament in #Tehran #Iran after attack. pic.twitter.com/SgxrwEKznI
— ZeroPointNow (@ZeroPointNow) June 7, 2017
Парламентке шабуыл
Агенттіктің ақпаратына сәйкес, парламентке шабуыл кезінде жеті адам қаза тапты, сонымен қоса төрт адам кепілдікке алынды.
Mehr агенттігінің айтуынша, шабуыл нәтижесінде сегіз адам жәбірленді.
Tasnim ақпаратына сәйкес, шабуылдаушылар үш адам, олар тапаншамен және автоматты Калашников қаруымен жабдықталған. Fars агенттігінің айтуынша, шабуылдайшылардың біреуі жаңкешті, ол қаупсіздік қызметкерлерімен қоршалған. Тағы бір шабуылдаушы ғимараттан қашып кетіуі мүмкін.
БАҚ кейінірек бір лаңкестің көзі жойылғаны туралы хабарлады.
Бұл ретте, парламент сессиясы шабуылға қарамай әдеттегі тәртіппен өтуде.
#BREAKING
One perpetrator is running out of #IranParliament shooting towards people…#Tehran pic.twitter.com/bmBYvAg9Y2— Mahdi Khodabakhsh (@khodabakhsh24) June 7, 2017
Кесенедегі атыс
Сондай-ақ Тегеран оңтүстігінде Хомейни кесенесінің аумағында атыс болғаны хабарланады.
ISNA агенттігің ақпаратына сәйкес, шабуылдаушыларының арасында әйел адам болды. Кесененің батыс ауласында жаңкешті өзін өзі жарып жіберді. Тағы бір шабуылдаушының көзін күзет қызметкерлері жойды. Бір адамның қаза тапқаны және бесеуінің жарақат алғаны туралы хабарланады.
Бұдан басқа, кесене ғимаратының жанында жарылғыш зат зиянсыздандырылды.
Дереккөз: РИА Новости