Лондон. 19 маусым. Лондондағы автокөліктің адамдарды қасақана соғып кетуінен екі адам мерт болуы мүмкін.
The Sun газетінің мәліметіне қарағанда, жолдан шыққан автокөлік Финсбери саябағы мешітінен шыққан адамдарды қасақана соққан.
Оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап мәлімет таратқан Evening Standard басылымы автокөлік адамдарды қаққаннан кейін ішінен пышақпен қаруланған жас жігіт шығып, жаяу жүргіншілерге шабуыл жасаған. Сондай-ақ басылымның мәліметінше, полиция қызметкерлері «қара шашты, ақ адамды» ұстаған. Алайда, бұл адамның қолында суық қару болған, болмағандығын басылым анық айта алмайды.
«Мен жерде жатқан төрт немесе бес адамды көрдім. Олардың біреуінде пышақ жарақаты болды. Көпшілік адамдар жігітті ұстап алды. Ол Лондон көпірінде болған оқиғаны қайталамақшы болды», — деді газетке сұхбат берген оқиға куәгері.
Sky News телеарнасы мешіт алдындағы адамдарды барып соққан көліктің фургонында болған екі жігіт оқиға орнынан ізін суытып үлгергенін хабарлайды.
«Жүк көлігінде үш адам болды. Біреуін полиция қызметкерлері ұстады, қалған екеуі ізін суытты», — деді оқиға куәгері.
Дереккөз: Қазақпарат