Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Заңсыз діни насихат жасаған 900 сайт бұғатталды

Астана. 16 маусым. Елімізде 18 конфессия жұмыс жасайды. Олар 3685 діни бірлестік құрамында. Халықтың 15%-ы діндар адамдарды құраса, 10%-ы өздерін атеист санайды. Ал азаматтардың 75%-ы Құдайға сенгенімен, діни жоралғыларды ұстамайды. Бұл деректерді бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жеткізді.

Қасиетті Рамазан айында Астанада өткен халыққа есеп беру кездесуінде ведмоство басшысы 9 айдың жұмысына тоқталды. Министрлік қазіргі таңда экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жұмысын жолға қойып келеді. Әрбір ғибадат орындарында қауіпсіздік күшейтілген. Осының арқасында мешіттерде тәртіп бұзу деректері азайған. Сондай-ақ діни материалдарды таратушыларға тұрақты түрде мониторинг жасалуда. Өткен жылы министрлік 10 мыңнан аса сайтқа бақылау жасап, оның 1500-і заңның аясынан тыс жұмыс жасағандығын анықтаған. Биыл 900 әлеуметтік желі бұғатталып отыр. Үкіметтік емес ұйымдармен азаматтық қоғам құруда бірлескен іс жолға қойылған.

 Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

— Діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жасалып, жолға қойылды. Министрлік интернетті бақылауға құзыретті орган болмаса да, біз интернетті тұрақты зерделеп, заңсыз контент анықталған жағдайда, бірден Ақпарат және коммуникациялар министрлігін хабардар етеміз. 2016 жылдың соңында радикалды және кертартпа көзқарастардың қалыптасуына әсер ететін факторларға зерттеу жүргіздік. Теріс ықпал ететін көздердің 60%-ы ғаламтор мен әлеуметтік желілер болып шықты. Сондықтан интернетке дұрыс мониторинг жасау экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *