Тегеран. 28 маусмы. «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестік ұйымы «Талибан» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террорлық ұйымына соғыс жариялады деп хабарлайды Tasnim ақпарат агенттігі.
Tasnim агенттігінің айтуынша, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының командирі: «Талибан» қозғалысын исламды сатып жатыр оларды кездескен жерде өлтіріп, барлық мүліктерін тәркілеу керек.» — деп мәлімдеме жасаған. Қ
азіргі таңда «Ислам мемлекеті» мен «Талибан» лаңкестік ұйымдары Ауғанстан аумағында бір-біріне басты бәсекелес.
Дереккөз: The Qazaq times