Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Екібатұзда ірі көлемде марихуана тәркіленді

ПАВЛОДАР, 20 мамыр. Екібастұз қаласында арнайы операция барысында есірткі тасымалдады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

— Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Toyota Carina» маркалы автокөлігінің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакет пен үш брикет алды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды, — деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Күдікті, Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны қамауда отыр.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/pavlodar-oblysynda-asa-iri-kolemde-marihuana-tarkilendi_a3789710

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *