Дамаск. 18 шілде. Сирияның адам құқықтары жөніндегі бақылау кеңесінің мәліметінше, 2011 жылдан ағымдағы жылдың шілде айына дейінгі жүргізілген есеп қорытындысы бойынша елдегі соғыс 331 мың 765 адамның өмірін қиған.
Асқан зорлықпен көз жұмған құрбандардың 99 мың 617-сі — қарапайым тұрғындар. Сириядағы соғыстың зардабынан өлім құшқан балалардың саны 18 мың 243-ді құрайды.
Құқық қорғау органы қызметкерлері Башар Асадтың жақтаушылары қатарында қарулы қақтығысқа қатысқандардан 116 мың 774 адам, Оппозияциялық күштер тарапынан 57 мың әскери өлген деп көрсетеді.
6 жылдан бері тоқтаусыз жүргізіліп келе жатқан соғыста «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өзінің 58 мың джихадшысын жоғалтқан.
Сириядағы мәселені шешуге әлем елдері жұмылып, келіссөздер үстеліне отырғанымен, бұл ресми кездесулер ел ішінде бейбітшілік орнатуға көмектесе алмай отыр. Атап өту керек, 9 шілде күні АҚШ пен Ресей Сирияның оңтүстік батысында бейбіт келісімге келіп, күш біріктіру туралы шешім қабылдаған болатын.
Дереккөзі: “The Qazaq Times”