Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейде «Иегова куәгерлерінің» аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады

Мәскеу. 18 шілде. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Жоғарғы соты дүйсенбіде «Иегова куәгерлерінің» экстремистік ұйым деп тану бойынша аппеляциялық шағымың қанағаттандырмады. Осыдан кейін «Иегова куәгерлерінің» Ресей аумағындағы жұмысын шектеу туралы шыққан сот шешімі күшіне енді.

Сәуірде Ресей Жоғарғы соты «Иегова куәгерлері» діни ұйымын экстремистік топ деп танып, Ресей территориясындағы қызметіне тыйым салды. Сот шешімі Ресей әділет министрлігінің шағымы бойынша шығарылды. Ресейде заңды түрде тіркелген діни ұйымды экстремистік ұйым деп таныған оқиға бірінші рет болып отыр.

Сот шешімі ең алдымен «Иегова куәгерлерінің» Санкт-Петербургтегі әкімшілік орталығына және ұйымның ел аумағындағы қызметіне әсер етеді.

«Иегова куәгерлері» қазір ұйымның 170 мыңға тарта өкілі барын айтады. Ресейде бұл ұйымға оның әскери қызмет, сайлауға қатысу және жалпы мемлекеттік билікке қатысты өзгеше ұстанымына байланысты бұрыннан күдікпен қарайтын.

Батыс елдері Ресей сотының бұл шешімін адам құқығын бұзу деп санайды.

Дереккөзі: Радио Азаттық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *