Париж. 21 шілде. Франция Сенаты лаңкестікпен күрес туралы заң жобасын мақұлдады. Ол экстремистік қауіп-қатерге төтеп беру үшін құқық қорғаушылардың өкілеттігін арттырады.
Атап айтсақ, енді күдіктілердің пәтерін тексеру шарасы біршама жеңілдетілмек. Экстремистік сипаттағы үгіт-насихат жүргізілген жағдайда діни орындарды уақытша жабуға да рұқсат беріледі. Жалпы сарапшылардың пікірінше, құжат елдегі төтенше жағдай тәртібін алмастыруы тиіс. Бұл режим 2015 жылдың қарашасындағы лаңкестік шабуылдардан кейін енгізіліп, осы күнге дейін ұзартылып келеді. Биыл 1 қарашада алынып тасталуы тиіс. Негізі құқық қорғаушы ұйымдар жаңа заң жобасына қарсы болған. Айтуларынша, ол азаматтық бостандықты шектейді.
Дереккөзі: Хабар 24