Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астаналық жамағат арасында насихат жұмыстары жүргізілді

Астана. 8 қараша. Халық арасындағы мақсатты топтарға ерекше түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Б. Есмахан, Б. Мырзаев және Ж. Дәуренов радикалды діни көзқарастағы адамдармен жеке кездесулер өткізіліп, оның ішінде түзету мекемелеріндегі сотталғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Нұр Астана» мешітінде әйелдер жамағатымен кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы,

Г.Раздыкова: «Біздің негізгі міндетіміз  ̶ зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыру және діни радикализм мен экстремизмнің ықпалынан арылту, әйелдер қауымының діни радикалдардың құралына айналуына жол бермеу, отбасында немесе қоғамда қандай да бір дискриминацияға ұшырамауын назарға алу», ̶  деді.

Дін саласындағы заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіру мақсатында қаладағы діни бірлестіктердің өкілдерімен жеке кездесулер ұйымдастырылды. Осы кезеңде түсіндірме жұмыстарына мешіттердегі жамағаттар, қалалық кәсіпкерлер, нарықтағы жұмысшылар, жастар, спорт мектептерінің оқушылары және т.б. қамтылды. 

Дереккөзі:  Стратегия 2050

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *