Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Маңғыстауда «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» өз жұмысын қорытындылады

Ақтау. 16 қараша. Бүгін Ақтау қаласында «Жастар керуені» жобасының жұмысы қорытындыланып, көштің эстафетасы Батыс Қазақстан облысына табыс етілді. Алдағы уақытта жастар көші еліміздің барлық өңірлерін аралап, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттайды.

Республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шықты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес аталмыш көш өз жұмысын он бес күн бұрын, яғни 1 қарашада Жаңаөзен қаласынан бастаған.

Керуен Маңғыстау облысының 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елдімекенді, оның ішінде шалғай ауылдардағы жастарды қамтып, тұрғындар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты – аймақ тұрғындарына мемлекеттік саясатты түсіндіру, жастарды қолдау, халық игілігіне арналған түрлі қызметтер мен мол мүмкіндіктерді ұсынатын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және өзекті мәселелер бойынша жастарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету болды.

Керуенді өткізуарқылы «Қазақстан-2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асырудың және мемлекет басшысының — «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсету көзделді.

Керуен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді моделін қалыптастыруды, өңірлердегі жастармен жүйелі жұмыс істеуді жолға қою мақсатын орындауға бағытталды.

Керуен жұмысы өңірдегі өзекті деген бірнеше мәселені шешуге бағытталған.

— жастарды жұмыспен қамту;

— тұрғын үй алуға жәрдемдесу және жатақханамен қамтамасыз ету;

— діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;

— кәсіптік бағдар беру;

— жастардың бизнес бастамашылдығын қолдау;

— цифрлы технологияларды түсіндіру;

— патриоттық тәрбие мен еріктілік;

— салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Облыстың 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елді мекенді қамтыған (Ақтау қаласын қоспағанда) «Рухани жаңғыру – жастар керуені» аясындағы шараларға 5000 жуық жастар қатысты. 4000 жуық жас жоғарыда аталған бағыттар бойынша консультациялық кеңестер алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *